Сот саммитіне қатысты

1112
0
Бөлісу:

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми ҚХР-ға жұмыс сапары аясында бірқатар елдердің жоғары сот органдары басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Олардың қатарында Судан және Тәжікстан жоғарғы соттарының төрағалары Хайдер Ахмед Дафалла мен Шермұхаммад Шохиён, Египет пен Түркияның кассациялық соттары төрағаларының орынбасарлары Фати Эльараби мен Абдулхалик Йылдыз, сондай-ақ Ресей жоғарғы соты төрағасының орынбасары Петр Серков бар. 

Жиырма шақты ел соттарының бірін­ші басшылары мен өкілдері Жібек жо­лындағы сот ынтымақтастығы бо­йын­ша халықаралық форум жұмысы­на қатысу үшін Қытайдың Ганьсу про­ви­­н­ция­сындағы Дуньхуан қаласына жи­нал­ды.
Кездесу барысында Қайрат Мәми шетелдік әріптестеріне Ұлт жоспары шеңберінде республиканың сот жүйе­сін­де жүргізілген соңғы реформа­лар туралы айтып берді. Үш сатылы сот жүйесіне көшу, судьялар мен судьялыққа кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарының артуы, сот білімін жақ­сарту, «электронды сот төрелігін» дамы­ту бағыттарына айрықша назар аударыл­ды. Бұған қоса, Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы айрықша мәр­тебеге ие соты бар «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығы (AIFC) мен еліміздің жоғары сот органының инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған сот алқасының құрылғандығы туралы хабардар етті. Бұлардың барлығы шетел­дік инвестициялардың құқықтық қорғалу деңгейін айтарлықтай жақсар­тады.
Барлық жаңашылдықтардың қолда­ныс­қа енгізіліп, қазақстандық сот төре­лі­­гінің тиімділігін мейлінше арттырғаны ерекше аталып өтілді. Қ.Мәми Қазақ­стан­ның барлық ниет білдірген тарап­тарға соттарды реформалау жұмысы бойынша ашық әрі өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.
Барлық кездесулер шеңберінде тарап­тар соттар жұмысы мен заң үстем­дігін қамтамасыз ету бойынша өзекті сот ақпаратымен өзара алмасуды жақ­сар­ту қажеттігін атап өтті.
Сапар барысында Қайрат Әбдіра­зақ­ұлы Қытайдың жоғарғы халық сотының төрағасы Цян Чжоу мырзамен кездесті. Тараптар барлық салалар, соның ішінде, құқықтық мәселелер бойынша Қазақстан – Қытай қарым-қатынасының жоғары деңгейі қалып­тас­қанын атап өтті. Қ.Мәми форумға шақырғаны үшін алғыс білдіре келе, аталған іс-шараның мемлекетаралық ынты­мақтастықты құқықтық қолдауда­ғы маңыздылығына тоқталды.
Кездесу шеңберінде екі елдің жоғары сот органдары арасында Ынтымақтас­тық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта сот әкімшілігі, электронды сот төрелігі және білім беру бағдарламалары секілді басым бағыттарға ерекше көңіл бөлінген. Екі елдің сот білімін беру меке­мелері арасындағы өзара іс-қимыл­ды кеңейтуге айрықша мән берілді.
Қол қою рәсіміндегі сөзінде Қайрат Мәми меморандумның сот төрелігін жетілдірумен және құқық үстемдігімен байланысты өзге де мәселелер бойынша бірлескен бастамаларды іске асырудағы екі ел сот органдарының тиімді өзара іс-қимылына ықпал ететіндігін атап өтті.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*