Путинмен телефон арқылы сөйлесті

836
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары әңгіме ба­рысында екіжақты ынтымақ­тас­тықтың жағдайы мен перспекти­ва­ларын, сондай-ақ өңірлік және ха­лық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мә­селелерді талқылады.
Ресей Президенті Қазақстан Пре­зидентін биылғы 14-15 қыркүйекте Сирияға қатысты алтыншы халық­ара­лық кездесудің Астанада табысты өтуі­мен құттықтады.
Сондай-ақ Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Сириядағы қақ­ты­ғысты реттеу үшін Ресей жағы­нан атқарылып жатқан шаралар жө­нін­де хабардар етті. Тараптар Астана про­цесін жалғастырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.
Бұдан бөлек, Президенттер алда­ғы уақытта болатын кездесулер кес­те­сін, соның ішінде Жоғары Еура­зия­лық экономикалық кеңес пен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшы­ла­рының кеңесіне дайындық барысын қарастырды.
Екі ел көшбасшылары екі жақты өза­ра іс-қимылдың барлық мәсе­ле­ле­рі бойынша тұрақты диалогты жал­ғастыруға уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жа­ғы бастамашы болды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*