Қарттарға қамқорлық толастамайды

880
0
Бөлісу:

Біртіндеп келетін қарттықтан ешкім де қашып құтыла алмайды. Алайда біз ол туралы жиі ойлана бермейміз. Сондықтан да болар, көз алдымызда жүрген қариялардың тұрмыс-тіршілігіне, олардың проблемаларына назар аудара қоймайтын сәттер де болып тұрады. Бірақ бұл жақсы құбылыс емес, сол себепті, әрбір адам қоғамда болып жатқан жағдайлардан сырт қалмауы керек.

Астана тұрғыны Рабиға Мамедбақованы да қа­рия­лық кезең қуанта қоймағаны анық. Ол кісі ұзақ жыл­дар сауда және жабдықтау саласында жұ­мыс істеді. Қоғам мен мемлекетке пайдасын ти­гізді, осындай адал еңбегі үшін ақшалай сыйлық­тар­ға да ие болды. Тіпті үздіксіз еңбегі үшін 1973 жы­лы Қазақ ССР Тамақ өнеркәсібі министрлігінің «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен де марапатталды. Осының өзі Рабиға апайдың қан­шалықты белсенді болғанын, жұмыстың бел ор­та­сында жүргенін айғақтайды. Дегенмен қарттық пен жал­ғыздық Рабиға Айсақызына қатар келді. Бұл аз­дай мүгедектігі де бар.
Енді бір тағдыр иесі – 93 жастағы Лилии Тайх­реб. Жалғызілікті еңбек ардагері жас кезінде Әзір­бай­жаннан Қазақстанға жіберілген. Соғыс жылдары Уралдағы еңбек армиясында орман шаруашылы­ғын­да жұмыс істеген. Ақмола облысына келгеннен кейін зейнеткерлікке шыққанша мұғалім бо­лып қызмет істеді.
«Халық ағарту ісінің үздігі» болған Лилия Кар­ловна Рабиға апай секілді жеке үйде тұрады. Күш-қуа­ты бар кезде екеуінің де мал-жайы болған. Алайда соңғы кездері тіршіліктері қиындап ба­рады…
Ардагерлерге көмек керегін алғашқы болып біл­ген «Нұр Отан» партиясының астаналық бел­сенділері мен «Жас Отан» Жастар қанатының қыз-жігіттері болды. Олар өзгелердің жанайқайына үнсіз қарап отыра алмады. Жастардың бір тобы азық-тү­ліктерін алып, аталған мекенжайларды аралауға шық­ты. Жастар Рабиға Айсақызы мен Лилия Кар­ловнаның баспаналарына бас сұғып, аулаларын та­зартып, ағаш көшеттерін отырғызып, картоп жи­­науға көмектесті.
Мұндай шаралар партиялықтардың назарынан тыс қалған емес. Олар «Отан ана» алаңында түрлі бри­финг және флешмобтар ұйымдастырып, заман­дас­тарын қариялар өміріне назар аударту мақса­тын­да «Қарттарым, аман саумысың» акцияларын ұйым­­дастырып тұрады.
Биыл партиялықтар негізгі жұмысты салауатты ғұ­­мыр кешуге, ұзақ жасау мүмкіндіктеріне аударды. Нақ­тырақ айтсақ, EXPO – 2017 халықаралық көр­ме­сі аясында ұйымдастырылған партиялық шара­лар­ға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінің профессоры, 2011 жылы «Үздік оқы­­ту­­шы», атанған, тыл ардагері Мария Лигай шақырылды. Ол өз әрекеті арқылы қарттардың да белсенді келе­тін­дігін, қоғам үшін пайдасын тигізе алатындығын дә­лелдеді.
Нұротандықтар қарттарды уақытпен санаспай қам­қорлыққа алып келеді. Әсіресе, қарттар күні қар­саңында республикалық акциялар белсенді түр­де ұйымдастырылады. Бұл шарадан «Нұр Отан» пар­тиясының орталық аппараты да тыс қалған емес. Партия мемлекеттік органдар және «Ата­ме­кен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, «Ар­дагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы ая­сында өзара ынтымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қойған.


Партия хатшысы Фархад Қуанғанов Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақ­тау, Қорғаныс секілді маңызды мемлекеттік ор­гандар және «Атамекен» ҰКП басшыларымен пар­тия жобаларын іске асыру жолдарын нақтылай тү­­сетін құжаттарға қол қойған.
Фархад Қуанғанов атап өткендей, меморандум пар­­тия мен мемлекеттік органдардың арасындағы бір­­лескен жұмыстармен қатар өмір сапасын арт­тыруға арналған заңның орындалуын тұрақты қа­дағалауға, аға ұрпақтың мәселелерін шешуге, қарт­тарды сыйлауға бағытталған мақсатты жұмыстардың іске асуына мұрындық болады.
– Бүгін республика бойынша «Ардагерлерді ар­­дақтайық» партиялық жобасын іске асыру аясын­да Қарттар күні қарсаңында «Қарттарым, аман-сау­мысың» акциясын бастап отырмыз. Оның мақса-
ты – қоғамда аға ұрпаққа құрметпен қарау дағ­ды­ларын қалыптастыру, жалғызілікті зейнеткерлер, со­ғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерін қолдауға жұ­мылдыру, – деді партия хатшысы.
Ф.Қуанғановтың айтуынша, жоғарыдағыдай ме­морандумдар еліміздің барлық аймақтарында «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиал­дары­мен бірлесіп қабылданады.

Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*