Ата-анасыз студенттерді мемлекет қолдаса…

1207
0
Бөлісу:

Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар халық қалаулылары Үкімет мүшелеріне депутаттық сауалдарын жолдады. Мысалы, «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған депутат А.Тасболатов Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа жүгініп, жалпы білім беретін мектептерде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға қатысты мәселе көтерді.

Сауал жолдауға жақында ақпа­рат құралдары жариялаған Талды­қорған қаласында 300 педагог ма­манның ағылшын тілінде білімін жетілдіруді ұйымдастыру жұмыс­тарындағы орын алған кемшіліктер негіз болыпты.
Білім және ғылым министрлігі 2016-2017 оқу жылындағы 7 мың 100 мектепте жұмыс істейтін 84,7 педа­гогтың біліктілігін арттыруды негізінен «Өрлеу» біліктілікті арт­тыру ұлттық орталығы және 20 «Назарбаев Зияткерлік» дербес білім беру ұйымының Педагогика­лық шеберлік орталығы арқылы жүргізеді. Себебі, ұлттық орталық­тың барлық облыста аудиториялық қоры жеткілікті ғима­раты, ғылыми атақтар мен арнайы сертификат­тарға ие білікті оқытушы-бапкерлер құрамы, жатақханасы және кітапха­налармен қамтылған инсти­туттары бар. Осы себепті Ұлттық орталық жыл сайын жоспарлы түрде 60 мың­нан астам педагогтың білік­тілігін сапалы деңгейге көтеріп келеді.
«Министрлік ағылшын тілін үйрету сияқты аса жауапты тап­сыр­­маны оқу базасы жоқ, кадры жеткі­ліксіз, жергілікті ат­қарушы орган­дармен байланысы жолға қойылмаған PROFESSIONAL CENTRE ЖШС сияқты тіл үйрету орта­лығына тап­сырғаны елдің наразы­лығын туды­рады» деп таңда­ныс білдірді депутат.
«Нұротандық» депутат Ә.Бек­тұр­­ғанов та Премьерге қайырылды. Білім беру және ғылымды дамыту­дың мемлекеттік бағдарламасында 2019-2020 оқу жылынан бастап, 6 жас­тағы балалар­дың мектепалды даярлығы 12 жылдық мектептің 1-сыныбына ауыстыры­латыны айтылған. Алайда, аталған бағдар­ламада оны енгізу алгоритмі қа­растырылмаған екен.
«Бүгінде сондай-ақ елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік жағынан аз қам­тылған отбасы балалары, спортқа дарынды балалар, үлгерімі жақсы студенттерге мемлекет тара­пынан көрсетілетін әлеуметтік-материалдық көмек түрлері белгі­ленген. Алайда, Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 5 мау­сымдағы берген мәлі­метіне сүйен­сек, әлі де 2372 жетім бала жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алуын қалай түсіндіруге болады?» деп сұрайды депутат.
Депутаттық сауалда «жоғары оқу орнында білім алып жүрген кезінде, өмірлік жағдайларға байла­нысты ата-анасынан айырылған студенттердің оқу төлемақыларын мемлекет өз мойнына алу» мәселесі көтерілді. Оқу төлемақысын уақы­тылы төлей алмаған бұл санаттағы студенттердің амалсыз оқудан шығуларына тура келеді. Мұның өзі «ата-анасынан айырылған жастар­ды қаржы табу жолында әртүрлі құқықбұзушы­лықтарға баруға итер­мелеуі» мүмкін. Бүгінде анасынан айырылған – 1705, әкесінен айырылған – 4346, ата-анасынан айырылған 420 студент білім алуда.
«Нұр Отан» фракциясының мүшесі К.Мұсырман болса Астана әкімі Ө.Исекешовке жүгінді. Ол Астана қаласындағы мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын кешкі 19.00-ге дейін ұзартуға, немесе кезекші топтар ұйымдас­тыруға жәрдемдесуді өтінді. Осы орайда қазіргі кезде Астана қала­сындағы мектепке дейінгі мемле­кеттік ұйымдар тәрбиешіле­рінің кешкі сағат 18.00-ден кейін ата-ана­лардың балаларын алып кеткен­ше жұмыс істеген уақыты үшін қосымша еңбекақы төленбей отыр­ғандығы қолданыстағы еңбек заң­намасын бұзушылық болып табы­ла­­тынына әкімнің назарын аударады.
«Астанадағы мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар мекеме­­лерінің барлығы таңғы 7.30-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ата-аналардың көпші­лі­гінің жұмыс уақыты да 18.00-ге дейін болғандық­тан, олар бала­бақшаларға қоғамдық көлікпен белгіленген мерзімде барып үлгере алмай, қиналып жүр» деді депутат.
Нұротандық депутат Ж.Дүйсе­баев та Б.Сағынтаевқа сауал жолда­ды. Онда жергілікті билік органдары жайылымдарды басқару жоспар­ларын әзірлеу, сондай-ақ ауылдық округтер және аудандық маңыздағы қалалар деңгейлерде мәслихат сессияларында бекіту жұмысын лайықты деңгейде жүргізе бермей­тініне назар аудары­лады.
«Республикада 2548 ауылдық округ пен аудандық маңыздағы қала бар. Алайда қазіргі кезде тек 175 Жайы­лымдарды басқару жос­пары ғана бекітілген немесе әзірлеу саты­сында тұр. Бұл небары 7 пайыз­ды ғана құрайды» деген депу­тат Үкімет жетекшісінен «Жайылымдар туралы» заңы орындалуы үшін шара қабыл­дауды сұрады.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*