Қырғыз халқына қолдау көрсетіп келеміз

1202
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездесті.

Мемлекет басшысы кездесу бары­сында екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтіп, бауырластыққа негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту қа­жеттігі жөнінде айтты.
– Қазір Қырғызстан ел президентін сайлау науқаны алдында тұр. Бұл – кез келген мемлекет үшін аса маңызды кезең. Мен Қырғызстанның тәуелсіздік алған­нан бергі барлық президенттерімен же­місті жұмыс жасауға тырыстым. Қырғыз халқы сенім білдіріп, жаңадан сайлайтын келесі президентпен де өзара тиімді іс-қимыл қалыптастыратын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының арасындағы бірлік пен достықтың маңыздылығына назар аударды.
– Арамызда бөліске түсетін ештеңе жоқ. Біз бауырлас қырғыз халқына әр­дайым қолдау көрсетіп келеміз және оған алдағы уақытта да көмек беруге әзірміз.
Бұл – көлік-транзит саласындағы ынты­мақ­тастық пен Еуразиялық экономи­ка­лық одақ аясындағы өзара ықпалдас­тыққа қа­тысты мәселе, – деді Қазақстан Президенті.
Ө.Бабанов қырғыз халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігерін жоғары бағалап, оны қол­дайтынын атап өтті.
– Мен Қырғызстанның премьер-министрі қызметінде болған кезде ел­де­ріңіз бізге тұрақты түрде жан-жақты қол­дау көрсетті. Біз бауырлас Қазақстан хал­қының барлық жетістіктеріне қуа­намыз, – деді Қырғыз Республикасының президенттігіне кандидат.

Бөлісу:

Пікір жазу


*