Сенаторлар «Қорғас» орталығында болды

686
0
Бөлісу:

Парламент Сенатының 2017 жылға арналған негізгі шаралар жоспарына сәйкес, Палатаның сенатор Дариға Назарбаева басшылық ететін халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Көшпелі отырыс аясында депутаттар «Қорғас» халықаралық шекаралық ын­тымақтастық орталығында болып, оның Қазақстан және Қытай бөлігінің жұ­мысымен танысты. Сенаторларға орт­а­лықтың жекелеген жобалары таныс­тырыл­ды, сондай-ақ олар орталық аума­ғында іске асырған инвестициялық жобалар туралы хабардар етілді.
Одан басқа, комитет мүшелері сапар барысында «Шығыс» аймақтық басқар­ма­сының «Қорғас» шекара заставасында және Жаркент шекара отрядында болды. Депутаттар техникалық жабдық­талу және жауынгерлік кезекшілікті ұйым­дастыру барысымен, сондай-ақ жеке құрамның тұрмыс жағдайымен де танысты.
Бөлімше басшысы Р.Рамазанов де­путат­тарға отрядтың күнделікті жауын­гер­лік қызметі, сондай-ақ жауапты бөлік­тің қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*