Елбасы жеделхат жолдады

788
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге жеделхат жолдады.
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарын­дағы Лас-Вегаста WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұ­жырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы ата­ғы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады.
«Миллиондаған қазақстандықтар саған бірауыз­дан қызу қолдау көрсетті. Тартысты әрі жанкешті жек­пе-жекте айрықша табандылық танытып, қа­жы­мас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің. Сенің кәсіп­қойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абы­рой-бе­делің, ең бастысы – өз ісіңе шексіз адал­дығың келе­шектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола бер­сін» делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор ден­саулық және алдағы белестеріне табыс тіледі.
***
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тен­нис­тен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жол­дады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ер­лер құрамасын Дэвис кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлем­дік тобына өтуімен құттықтады.
«Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табан­ды­лықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қа­зақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін та­ғы да бір таныттыңыздар», – делінген жеделхатта.
Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор ден­сау­лық тілеп, спорттың жаңа белестерінде табысқа жету­лері­не ниеттестік білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*