Санамызды жаңғырту – қоғам үшін маңызды

1108
0
Бөлісу:

Жамбыл облысына іссапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы Достық үйіне барды. Қазақстан халқы ассамблеясы орналасқан Достық үйінің жаңа ғимаратын аралап көрген Президент Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен әңгімелесті.

– Мен сіздерге Өзбекстан мен Түркіменстандағы са­­пар­ларымнан соң келіп отырмын. Біздің кез­десу­лері­міз бен уағдаластықтарымыздың нәтижесінде, осы­ған дейін болған кедергілердің барлығы алынып тас­талды. Бү­гінде жақын көршілерімізбен тиімді ын­тымақтасу үшін барлық жағдай жасалған, – деді Пре­зидент. Сон­дай-ақ Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласының өзекті тұстарына ерекше тоқталды.
– Санамызды жаңғырту – қоғам үшін қай кез­де­гі­ден өткір мәселе болып тұр. Ақпараттық-цифрлық за­ман­да бір орында тұруға болмайды, бүгінгі талаптар мен жағдайға сәйкес жетіліп, өзгеріп отыру қажет. Адам­дармен бірге бүкіл қоғам да бәсекеге қабілетті болу­ға тиіс, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының бірегейлігіне және мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығына назар аударды. «Мен тұрақтылық пен халқымыздың бірлігі дамуы­мыз­дың кепілі болып саналатынын әрдайым айтып жүре­мін. Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн. Тіл халқымызды одан ары біріктіру үшін жете­леу­ге тиіс» деп қорытындылады Қазақстан Президенті. Соңын­да Елбасы «Көне Тараз» тарихи-археологиялық сая­бағының аумағында жүргізіліп жатқан архео­ло­гиялық қазба жұмыстары барысында табылған экс­понаттарды көрді. Айта кетерлігі, облыс орталығындағы Дос­тық үйінде бүгінде 175 қоғамдық келісім кеңесі,
27 аналар кеңесі, 12 ақсақалдар кеңесі, 12 медиация ка­би­неті, Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы, ғы­лыми-сараптамалық топ, қолөнер шеберлерінің клу­бы және «Ақ желкен» жастар бірлестігі жұмыс істейді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы облыстағы жұ­мыс сапары кезінде «КазУпакТрейд» зауытында болды. Кәсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. «КазУпакТрейд» ЖШС-ы басшысы Нұрлан Алжанқұлов Елбасын гипс және гипсокартон өн­діретін кәсіпорынның жұмысымен таныстырды. Кә­сіпорын индустриалды-инновациялық даму бағдар­ламасы шеңберінде іске қосылған. Жобаның құны 1 725,0 млн теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 150,0 мың тон­на. Кәсіпорында 75 адам жұмыс істейді. 2017 жыл­дың қаң­тар-тамыз аралығында облыс бойынша өнер­кәсіп өні­мінің көлемі 226,9 млрд теңгені құрап (2016 жыл – 225,4 млрд теңге), өткен жылдың тиісті ке­­­зеңі­мен са­лыс­тырғанда нақты көлем индексі 100,6 пайызды құра­­ды.
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес­жылдығында облыста жалпы құны 557,2 млрд теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 6500 және іске қосылу кезеңінде 5900 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда. Казіргі таңда құны 35,8 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 1215 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл­ғы жылы сомасы 17,3 миллиард теңге болатын 13 жоба жүзеге асырылып, 1400 жаңа жұмыс орны ашыл­ды. Оған қоса, ресейлік «Еврохим» компаниясымен ау­қымды инвестжобаны жүзеге асыруды жалғастыруда.
Жалпы, облыста Индустриалдандыру картасы ая­сында 53 кәсіпорын ашылып, оған 159 миллиард теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде, 6200 жаңа жұмыс орны ашылды. Елбасы түрлі мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде Жамбыл об­лысы қуатты индустриялық өңірге және еліміздің хи­мия өнеркәсібінің орталығына айналуға тиіс екенін атап өтті. Соңында Елбасы «ҚазУпакТрейд» ЖШС-ның жұмыс­шыларымен және басшылығымен әңгімелесіп, еңбектеріне табыс тіледі.
Сонымен қатар Президент Тараз қаласындағы Ай­ша бибі көшесіндегі жол өткеліндегі құрылыс жұ­мыс­тарымен танысты. Жалпы, құны 1 917,311 миллион теңгені құрайтын жобаны іске асыруға 2016 жылы республикалық бюджеттен 1 119,0 миллион теңге, 2017 жылы облыстық бюджеттен 709,1 миллион теңге бө­лінді. Қайта жаңғыртудан өткен жол өткелі пайдалануға беріліп, қаланың темір жолдың арғы бетіндегі бөлігімен қатынасу оңтайлана түсті. Жалпы, Жамбыл облысы­ның аумағымен жалпы ұзындығы 1237 шақырым бо­латын республикалық маңызы бар автомобиль жолы өтеді. Сонымен бірге, өңірде жалпы ұзындығы 495 ша­қырым­ды құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» ха­лықара­лық транзитті дәлізінің қайта жаңарту жұ­мыстары да аяқталды. Халықаралық автожолды жаң­ғырту жұмыс­тары кезінде 22 көпір, 15 жол өткелдері, 643 су өткізу құбыры, 11 көліктік жолайрығы салынды. Қа­­зіргі таңда «Ба­тыс Еуропа-Батыс Қытай» авто­жолы­мен тәулігіне 7 500 көлік өтеді. Сол секілді, облыс аума­ғын­дағы рес­публикалық мәні бар «Меркі-Шу-Бурыл­бай­тал» авто­жолына қайта жаңғырту жұмыстары жүр­гізі­ліп жатыр. Атап айтқанда, «Меркі-Шу-Бурыл­бай­тал» автомобиль жолының 7-273 шақырымы ара­лы­ғындағы жолдарды сапасына қарай І және ІІ санатты етіп қайта жаңғырту­дан өткізу жоспарлануда. Айта кетерлігі ағымдағы биыл қаңтар-шілдеде облыс кө­лік­терімен (ком­мерциялық тасымалдаумен айналы­са­тын ұйымдар мен кәсіпкерлер тасыған жүк көлемін баға­лауды есепке алғанда) 49419,6 мың тонна жүк та­сы­малданды, был­тырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда оның көлемі 5,3 пайызға көбейді.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*