Цифрландыруға негізделген экономика

1547
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Astana Hub жобасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында жобаны енгізу бойынша негізгі бағыттар, сондай-ақ халықаралық компаниялардың Astana Hub құру үдерісіне қатысу бойынша ұсыныстары талқыланды.
Cондай-ақ Бақытжан Сағынтаев экономиканы цифрландыру бо­йынша Мемлекет басшысының тапсырма­ларын іске асыру аясында BitFury бас директоры Валерий Вавиловпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту ая­сын­да ынтымақтастық орнату, блок­чейн технологиясын енгізу және оның барлық салаларын цифр­ландыруға негізделген экономи­каның жаңа үлгісіне көшу мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, компанияны дамыту бағдарламасы The Genesis Block биткойн жүйесінің бірінші блогі алынған 2009 жылдан бастау алады. BitFury компаниясы 2011 жылы құрылды.
Қазіргі уақытта көпбейінді блок­чейн-компания, ірі өнеркәсіптік майнер, «Биткойн» блокчейнімен жұмыс үшін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзір­леу­шінің Сан-Францискода, Ва­шинг­тонда, Колумбия округінде, Гонконгта, Лондонда және Амстер­дамда кеңселері, сондай-ақ Рейкья­несбайр исландиялық қауымы мен Грузияның Гори және Тбилиси қалаларында дата-орталықтары бар.

Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*