ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ – ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІМ

3609
0
Бөлісу:

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
– 40-жылдарда латын әліпбиінде оқып, білім ала бастаған жандардың бі­рімін. Сол себепті, оның артықшылы­ғын көргендіктен, Елбасымыз ұсынған бас­та­маның қазіргі таңда қолдау тауып отыр­ғанына ризамын.
Өнер саласында жүргендіктен, шет мемлекеттерде көп болдым. Сол кезде көр­генім, өнер туындыларының көбі латын әліпбиінде жазылған және оны аудару арқылы түпнұсқасын жоғалту қауіпі бар. Сондықтан тарихи жәдігер­леріміздің, өнер туындыларымыздың түпнұсқасын сақтап, тарихи маңыз­ды­лығын жоғалтпай жеткізу үшін латын әліп­биіне өткеніміз дұрыс деп баға­лай­мын.
Сонымен қатар біздің келешек ұрпақ ғылыми-техникалық инновация дәуірін­-де өмір сүруде. Техника тілі ағылшынша емес пе? Сол үшін қазірден бастап латын әліпбиінде жазып үйренсін, дағдылансын деймін.
Елбасы бастаған осы жұмысты тия­нақтылықпен, жауапкершілікпен соңына жеткізу керек деп есептеймін.

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ,
композитор, Қазақстанның халық артисі:
– Нағыз қазақи жүрегім және бол­мысыммен туған елім, Қазақстаным өссе, әлемнің алпауыт мемлекеттерімен тере­зесі тең болса екен деймін. Сол себепті, бүгінгі күні қолға алынып жатқан латын әліпбиіне өту мәселесін толығымен құп­таймын.
Өнерімнің арқасында түрлі жерлерде болдым. Сондағы көргенім, барлығы дер­лік латын әліпбиін қолданады екен. Ол дегеніміз – тарихы, мәдениеті, өлең-жыр­лары, түрлі жаңалықтары латын әліп­биінде жарық көреді деген сөз. Осы ретте, біз үшін бұл қолжазбаларды өз деңгейін­-де зерттеу, сонымен қатар оларға өз дү­ние­мізді танытып, көрсетуге мүмкіндік­тер жоқ екендігін түсіндім.
Мысалы, әзірбайжандар 10 жыл бұ­рын, өзбектер 15 жыл бұрын латын әліп­биіне өткен екен. Бұл жағынан біз кішкене кешігіп қалдық. Алайда ештен кеш жақсы дейді. Сол себепті, Елбасымыздың бас­тамасын толық қолдаймын. Менің ойыма өнер адамдары да толығымен қосылады деп сенемін.
Келешекте біздің өскелең ұрпақ бү­гінгі істелген жұмыстың арқасында бә­секеге қабілетті, өз ана тілінде жазып және оқи білетін, ата-бабасының мәде­ниеті мен тарихын толық білетін азамат болатынына сеніммен қараймын.

Шөмішбай САРИЕВ,
ақын, Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері:
– Латын әліпбиіне көшу – Елбасы­мыздың алға қойған ауқымды мақсаты. Латын әліпбиі – әлемде кеңінен тараған әліпбилердің бірі. Өз бастауын ежелгі Грекия және Рим елдерінен алып, бүгінгі таңға дейін жалғасып, өркендеуде.
Тәуелсіз еліміздің латын әліпбиіне көшуі тегін емес, ел үшін жеке басын сипаттайтын, ешкімге еліктемей ұлттық кодымызды одан әрі нық қалыптастыру мақсатында іске асырылып отыр.
Біз – дара, талантты халықпыз, біздің ұлтымызға әліпбидің ауысуы қиынға соқпайтындығы баршамызға мәлім.
Латын әліпбиіне ауысу – еліміздің өз дамуын жалғастыруда зор ықпалын тигі­зеді.
Сондықтан бұл бастаманы орынды, жұртымыздың сана сезімін арттыратын және болашағы зор шешім деп санаймын.

Тимур КОЗЫРЕВ,
саясаттанушы, сарапшы:
– Стратегиялық тұрғыдан алсақ, сөз­сіз, қазақ әліпбиін латынға көшіру ақта­луы тиіс. Бұл шешімнің астарында Қазақ­станның әлемдік ақпараттық және білім кеңістігіне енген дүниежүзілік қауым­дастықтың толыққанды мүшесі ретінде алдағы даму жолының бағыты жатыр.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ған­дай, әліпби реформалары экономика­лық тұрғыдан «тиімсіз» уақытта, қоғам дамуының қиын да өтпелі кезеңдерінде жүзеге асқан. Соған қарамастан, тиісті мемлекеттердің басшылары ұзақмер­зімді стратегиялық мақсаттарға негіз­дел­ген жігерлі саяси шешімдерді қабыл­-дады, нәтижесінде, олар жүзеге асты.
Әліпбидің реформасы үлкен жауап­кершілікпен әрі мемлекеттің жоғары би­лігінің толықтай қадағалауымен қадам-қадаммен жүзеге асуы тиіс. Бұл жерде үлгі ретінде Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қаласын салу жобасының жүзеге асуы негіз болуы керек. Естеріңізде болар, кезінде бұған күмәнмен қараушылар қан­шама еді?! Түптің түбінде кімдікі дұ­рыс болып шықты.
Латындандырудың қарсыластары әліп­­би әр өркениеттің өзіндік бір таң­-басы болып табылатынын әділ айтып жүр, сол себептен, әліпби таңдауы өрке­ниет­тік даму бағытын таңдаумен пара-пар дүние болса керек. Бірақ олардың қазақ әліпбиін латындандыру идеясының ба­тысшыл (соның салдарынан ресейшіл­дікке қарсы) жоба ретінде қарастыруы үлкен қателік.
Қазіргі әлемдегі латын әліпбиінің жағдайын ерекше деп атауға болады. Бүгінде ол іс жүзінде әмбебап космопо­лит­тік мінезге ие болды, яғни оны мә­дени, географиялық және басқа да қыр­ларынан бір-бірінен алшақ мемлекеттер бірдей пайдаланады.
Тағы бір айта кетерлігі, латын әліпбиін алыс шет мемлекеттері, оның ішінде ислам әлемінде көшбасшы орындарды алып отырған елдер (Түркия, Индонезия, Малайзия) қолданады.
Азия құрлығының мұсылман емес бөлігінде Вьетнам мен Филиппин қол­данса, Қытай мен Жапонияда иероглиф­тік жазумен қатар, латын транскрип­ция­-сы пайдаланылады (атап айтсақ, дәл осы жағынан аталған елдерде компьютер­лен­діру мәселесі шешілген). Ақыр соңында, латын жазуын Латын Америка елдерінің барлығы дерлік iске асырды. Сондай-ақ Африка мен Океанияның да тілдері да­мыған халықтары да өз кәдесіне жара­­тып жатыр.
Басқаша айтсақ, бүгінгі таңда латын әмбебап халықаралық әліпби болып отыр, әрі оны қолдану «батысшыл» бағыттың белгісі емес, керісінше, бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың құрамына то­лыққанды мүшесі ретінде енуінің тағы бір белгісі іспетті.
Қорлан ТҰРСЫМБЕКОВА,
техника ғылымдарының кандидаты, доцент:
– Елбасының «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласын оқығанда өте жақсы әсер алдым. Елбасы өз сөзін ұлттық санадан бастайды, бұл тегін емес. Ұлттық санаға, ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі. Тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам деп есеп­теймін. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу мәселесін Елбасының халық тал­қысына ұсынуы мені Қазақстанның аза­маты ретінде қуантты
Латын әліпбиі еліміз үшін, еліміздің болашағы үшін өте маңызды деп білемін. Себебі, техника мен ғылыми-инновация кезеңінде латын әріптерін оқи алатын, ла­тынша жаза алатын маман ғана өз жаңалығымен әлемді таңғалдыра алады.

Сандуғаш САНДЫБАЕВА,
«Алматы Студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысының атқарушы директоры:
– Біз, Алматы қалалық «Студенттер альянсы» ұйымының мүшелері, «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасы мақаласының мақсаттары мен ұста­ным­дарына қолдау білдіреміз.
Бүгінгі жастар арасында салауатты өмір салты мен білімді болу үлгіге айна­лып, олар жаңа кәсіп игеріп, ағылшын тілін меңгеруге бар күш-жігерін жұмсап жүр.
Латын әліпбиіне көшу заман талабы екенін жас буын бар назарымен ұғынады. Әлемдік экономикалық, ғылыми кеңіс­тікке енуіміздің алғышарты әліпбиіміздің латын қарпіне ауысуы болғандықтан, біз Мемлекет басшысы бастаған латын әр­пі­не көшу жобасын толығымен қолдаймыз.
XXI ғасырдың әлемдік картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар мемлекет, тарихи түбі бір түркі елдерінің бірі әрі бірегейі екендігімізді анықтайтын латындандыру жобасына қолдау білдіре­міз әрі сол мақсат жолында аянбай еңбек етеміз.

Хабзат БАУЖАНОВ,
Халықаралық Қазақ тілі қоғамы, Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
– Латын әліпбиіне көшу туралы ұсынысты қолдаймын. 2006 жылдың 24 қа­занында өткен Қазақстан халқы ас­самблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі ком­муникациялық кеңістікте басым­дық­қа ие және көптеген елдер, соның ішінде, посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқ емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшілік­терін зерделеп алуымыз керек» деген бо­латын. Сондықтан әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, бұл – құптарлық дүние. Бұл – ғылым мен техника тілі десек, ар­тық айтқан болмаспын.
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі қай жағынан болса да тиімді әрі қолдауға лайық деп білемін.

Таңат СҮГІРБАЕВ,
«Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
– Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласында рухани жаңғыру біздің ұлттық тарихымызға, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызға негізделетінін айтқанына баса назар аудардық. Соның ішінде, латын әрпіне көшу жайына тоқ­талып, кириллицаның көптеген таңба­ларының өзі латын әліпбиінен алын­ған­дығын еске салды. Тәуелсіз Қазақстанның әлемнің келіссөз алаңына, туристік ор­талығына айналғанын жас ұрпақ көріп отыр. Халықаралық ортада тек латын әрпі­нің қолданылатындығына олар көз жеткізуде.
Бүгінде Мемлекет басшысы ұсынған жобалар солтүстікқазақстандықтар ара­сында қызу қолдауға ие болып отыр. Мәселен, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім» және т.б. жобалар іске асырыла бастады. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы қоғамдық келісім мен бірліктің нығаюына негіз болмақ. Дана халқымызда «Алтау ала болса, ауыз­дағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген асыл сөз бар. Бүгінгі күні елімізде орнаған бірлік пен тату тірлігіміз үшінші жаңғыруды жүйелі жүзеге асыру­дың негізі болмақ.
Президенттің мақаласы – келеше­гі­мізге нық қадам жасауға, бағыт-бағдары­мызды айқындап, нақты мақсат-міндет қоюмызға ықпал ететін құнды құжат.

Асима ЕРАЛИЕВА,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты:
– Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қа­ғаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін атап айтқан болатын. Біз латын әрпін қолдаймыз! Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындай­тын, халықтың сауаттылығын таныта­-
тын көрсеткіш деп білемін.
Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқан­дай қиындық туындамайды. Бұл қадамға бару – болашақ үшін маңызды екеніне сенемін. Латын әліпбиі өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ.

Айбек ОРАЛХАН, жас қаламгер:
– 2012 жылы «Қазақстан – 2050» стра­тегиясын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде алғаш рет кирил қарпіне негізделген қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшіру мәселесін ортаға салған еді. 2025 жылы Қазақстан бұл бастаманы толықтай жүзеге асыруы тиіс деген меже де белгі­ленді. Биыл жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ тілін бір­тіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыс­тарына жаңа серпін берді. Бұл тақырыпта бірқатар филолог-ғалымдармен тілдесіп, жан-жақты сарапталамарды оқып шық­тым. Жастар арасында болып, олардың да пікірін тыңдадым. Жас буын қазірдің өзінде латын әліпбиін еркін меңгерген, жаңа жазу таңбасына көшу кезінде қиындық көрмесі анық. Тілдік реформа түбі бір түркі халықтарының рухани, мә­дени ынтымағына, тамырлас тілдердің ортақ түсінісуіне жол ашады. Ресей рухани экспансиясынан алыстауға септігін ти­гізеді. Әлемнің әр тарабына тарыдай шашылған қазақ диаспорасы жаңа латын әліпбиін қолдану арқылы ұлттық бірлікке жете алады. Қазіргі таңда әлем халық­тарының ішінде латын алфавитін пайда­ла­натын халықтар саны 1,5-2 миллиардқа жуық. Кирилицаны ұстанып отырғандар 300 миллионды құрайды. Сондықтан білімнің, ғылымның, IT технологияның төріне, өркениеттің өріне жетелейтін төте жолға түсуіміз керек.


Ерікті ұлт тың қалауы – осы

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымы латын әліп­биіне көшу туралы бастаманы ұжымдық кеңесте талқылап, ой-пікірлерін ортаға сал­ды. Кеңеске филармонияның дирек­торы, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Жеңіс Сейдуллаұлы, Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткерлері: Дінзуһра Тілендиева, Қанат Ахметов, Қанат Омаров, Бейімбет Демеуов, Жанат Ерманов және т.б. қатысты.
Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, өткен ғасырдың 30-жылдары жазушы­ларымыз қолданған графика біздің буын­-ға да бөтен емес. «Зерттеулер нәтижесі арқылы латын әліпбиінің түркологияның ортақ әліпбиі екендігіне көз жеткіземіз. Мысалы, көне түркі жазбаларын таңба­лағанда түркологтар латын транскрип­циясын қолданған. Баскаковтар басқар­-ған «Советская тюркология» ұйымы да осыған сүйенген. Бұл үрдіс Ресейде әлі де жалғасып келеді. Нью-Йорк универ­си­тетінің профессоры Лариса Бонфанте латын әліпбиінің түп-тамыры ежелгі этруск жазуына тірелетінін жазды. Түркі халықтары туралы ауқымды энцикло­пе­диялық мұра болып табылатын ортаға­сырлық «Кодекс Куманикус» латын әліп­биінде қағазға түскен. Бертінде 1926 жыл­ғы Баку құрылтайында біздің ғалымдары­мыз латын әліпбиін таңдады. 1990 жыл­дардың басында түркі тектес мемлекет­тердің ғалымдары да осындай тоқтамға жүгінді. Бұдан аңғаратынымыз, латын әліпбиі – біздің фонетикамыз бен дыбыс жүйемізге ең жақын әліпби деуге болады» деді Ж.Сейдуллаұлы.
Танымал әнші, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, про­фессор Нұрғали Нүсіпжановтың па­йым­дауынша, латын әліпбиін енгізу – мәң­гілікке көшін түзеген Қазақ елінің білім, ғылым саласындағы ұлттық ұс­та­нымы, өмірлік қолтаңбасы болмақ. «Еге­мен елдің, ерікті ұлттың бүгінгі таңдағы қалауы осы деп білемін. Елбасының үн­деуін өз басым тек идеология маман­дарына ғана емес, күллі Алаш жұртына, еңбектеген баладан еңкейген қарияға арнаған үлкен сенім деп қабылдадым» деген ойын айтты ол.
«Өткен тарихтағы Күлтегін бабамыз тасқа жаздырып кеткеніндей, «Елім үшін күндіз демалмадым, түнде ұйықтамадым» деген заман бізге енді келді. Себебі, бізге егемендігімізді сақтап, қорғау үшін жан аямай еңбек ететін уақыт келді. Ол үшін заман талабына сай біліммен, әлемдік ғылыммен, уақыт ағымымен өркендеп өсіп жатқан озық технологиямен қару­ланып, еңбектену қажет» деді Н.Нүсіп­жанов. Әнші өз сөзінде рухани жағынан жаңғыруымыз үшін ұлттық кодымызды, ұлттық қасиетімізді, көп елде жоқ озық өнерімізді ұлықтап, дамыту ең ұлы міндет екенін атап айтты.
Сөзінің соңында өнер майталманы: «Қазақтың өнері бүкіл әлемге кеңінен танылып, қанатын жайып келеді. Оның болашағы ертең бүгіннен зор болатынына сенімім мол. Өйткені біздің Қазақстан атты тәуелсіз еліміз бар. Нұрсұлтан Назарбаевтай кемеңгер Елбасымыз бар. Алла Тағала аман-саулығын беріп, елі­міздің мәңгілік өмір жолындағы несібесін мол етсін деп тілеймін!» деген ақ батасын берді.
С.Садыр


Ағайынның көптен күткен арманы

Еліміздегі үкіметтік емес ұйым өкілдері латын қарпіне көшуді қолдайды. Бұл туралы халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова мәлімдеді.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарлама­лық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз ке­рек­тігін және болашақта барлық саладағы іс-қа­ғаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.
Президентіміз латын әліпбиіне көшу­дің нақты жолдарын айтып, осы мәселе зиялы қауым арасында кеңінен талқы­ла­нуы қажет екенін алға тартты. Сондықтан күн тәртібінде өткір тұрған, бүгінде қо­ғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты ой қозғау үшін ғалымдарды, көпті көрген көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың қа­ты­суымен халықаралық «Жанашыр» қоры кешенді шараларды жүзеге асырып келеді.
Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммер­циялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы аясында «Ха­лық­тың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында өтіп жатқан дөңгелек үстелдер мен конференцияларда, кол­ледждер мен мектептердегі кездесулерде халықтың латын қарпіне көшуі жөніндегі пікірлерін білудеміз» деп атап өтті ұйым басшысы Жаңыл Әпетова.
Шаралардың қатысушыларына ар­налған сауалнамаларда да осы тақырып­тағы пікірлерін білдіру сұралған. Өткі­зілген шаралардың нәтижесі көр­сет­кен­дей, қатысушылардың 80-90 пайызы латын әрпіне көшуді қолдайтындық­-тарын білдіруде.
Жаңыл Әпетованың айтуынша, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мем­лекеті ғана пайдаланады екен. Қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қол­данады. Демек, бұл – кең таралған жазу. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллион­-ға жақын қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Яғни, біз бо­лашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қа­зақ­тармен жақындаса түсеміз. Бұл – сырт­тағы ағайынның көптен күткен ар­маны.
«Біз, қазақстандықтар, көпшілік бо­-лып латын қарпіне көшуге әзір екені­міз-
ді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн деп білеміз» деп сөзін түйіндеді «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова.
А.АХМЕТҚАЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*