Жаңа қонақүйді аралады

1227
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада жаңадан бой көтерген The St. Regis Astana қонақүйіне барды.

Мемлекет басшысы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Астананың Орталық саябағы аумағында салынған жаңа қонақ­үйдің макетімен танысып, оның бір бөл­месін аралап көрді.
The St. Regis Astana қонақүйінде 120 бөлме бар. Оның ішінде жеке террасасы бар және саябақ пен өзенге қараған 23 люкс бөлме орналасқан. Сондай-ақ қо­нақүйде қазақстандық және шетелдік суретшілердің заманауи өнер туындылары қойылған.
Жалпы, The St. Regis брендінің тарихы жүз жылға жуық уақытты қамтиды екен. Нью-Йорктегі осы аттас қонақүй қабыр­ғасынан кезінде музыканың джаз ағымы әлемге тарапты. Онда Голливуд жұлдыз­дары, патша отбасылары тоқтайтын болған. Бәлкім, Есіл жағалауында, ең бір көркем жерде бой түзген St. Regis Astana да сол мәртебелі деңгейге көтерілер.
Қонақүйде заманауи сәулет эле­менттері көшпелі қазақтар өркениеті ны­шандарымен үйлестірілген. Мәселен, оның ауласында киіз үй пішіндес ғи­марат бар.
Қонақүй келушілерді салтанат әлеміне ендіреді: оның мамандары жақсартылған бөлмелерде төл саунасы мен гидромас­сажды жуынатын бөлмесі барлығын айтады. Кешен аумағында бассейн, фитнес орталық, сауна, конференц-залдар және басқалары бар.
Инвесторлар осы қонақүйді аша оты­рып, халықаралық қаржы орталығы ретіндегі елорданың болашағына сеніммен қарайтындарын жеткізді.
Е.Ерденов

Бөлісу:

Пікір жазу


*