Мадуроның алғашқы сапары

572
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Венесуэла президенті Николас Мадуромен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің Қазақстанға алғаш рет сапармен келіп отырғанын атап өтті.
– Сіздің Қазақстан жеріне келгеніңізге қуаныштымын. Бүгінгі саммитке қатыс­қаныңыз үшін ризашылығымды біл­діремін. Еліңізде болып жатқан оқиғалар жөнінде білеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Николас Мадуро Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Венесуэла президенті бұл кездесу екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз болатынына сенім білдірді.

Дайындаған Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*