Ауғанстанды қолдау жалғасады

1035
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан прези­дентіне Ислам ынты­мақ­тастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі самми­тіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
– Жоғары деңгейдегі кездесулеріміз тұрақты сипатқа ие болып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын білдіреді. Қазақстан көп бейнет көрген бауырлас ауған халқына тұрақтылық тілейді, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мүмкіндігіне қарай Ауғанстанға көмек көрсетіп келе жатқанын айтты.
– Атап айтқанда, біз жастарға білім беру, гуманитарлық көмек көрсету салаларында қолдау жасауды жалғастырамыз, – деді Қазақстан Президенті.
Ауғанстан президенті саммитке қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.
– Сізді EXPO – 2017 халықаралық көр­месін және Ислам ынты­мақтастығы ұйымы­ның ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін табысты өткізуіңізбен құттық­таймын, – деді М.Ғани.

Бөлісу:

Пікір жазу


*