Африка бастамаларымызды қолдайды

1013
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Гвинея-Бисау Республикасының президенті Жозе Мариу Вазбен кездесті.

Қазақстан Президенті Гвинея-Бисау президентіне Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
– Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында ғылым мен технологияларға арналып, Астанада алғаш рет өткізіліп жатқан осы ауқымды іс-шараға келгеніңізге қуаныштымыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Гвинея-Бисау президенті Мемлекет басшысына саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.
– Африкадағы ислам мемлекеттері Қазақстанға осындай іс-шаралар өткізу кезінде қолдау көрсетуге әзір. Оның негізгі мақсатының бірі – ислам әлемі елдері арасындағы өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстаным қалыптастыру, – деді Жозе Мариу Ваз.

Бөлісу:

Пікір жазу


*