Айбек Нұғымаров – «Әлем барысы»

1953
0
Бөлісу:

Астанада EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақ күресінен II «Әлем барысы» абсолютті әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 40-қа жуық елінен келген балуандардың ешқайсысына дес бермеген Айбек Нұғымаров жеңіске жетіп, алтын белбеу иегері атанды.

Бұл жарыста Қазақстан намысын Айбек Нұғымаров, Дәурен Нұралинов, Айбат Сей­тен, Ержан Шынкеев, Ела­ман Ерғалиев қорғады. Дәурен Нұра­линов екінші айналымда өзбек балуаны Муxсин Хисомид­ди­новтан жеңілді. Айбек Нұғымаров 1/8 финалында Дәуренді жеңген өзбек балуанымен белдесіп, есе қайтарды. Айбат Сейтен бұл айналымда грек балуаны Тенторе Масманидистен айласын асыра алмады. Ержан Шынкеев болса, Эстониядан келген Дмитрий Лепті таза жеңді. Еламан Ерға­лиев украин спортшысы Антон Рудныктан басым түсті. Осылайша, қазақстандық үш балуан «Әлем барысының» ширек финалына жол­дама алды.
Бұл айналымда Айбек Нұғымаров пен Еламан Ерғалиев өзара мықтыны анықтады. Тар­тысқа толы белдесуде тәжірибелі балуан Айбек биылғы «Қазақстан барысын» жеңіп, жартылай финалға алғашқылардың бірі болып өтті. Армениядан келген Якоб Аракеляннан басым түскен Ержан Шынкеев Айбектің жо­лын жалғап, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Моңғо­лиядан келген қазақ балуаны Серік Бекмұрат Айбектің қар­сыласы атанды. Ержан Шынкеев биылғы Еуропа чемпионы Гурам Тушишвилимен белдесті. Жартылай финалдық белдесулер нәтижесінде, Айбек Нұғымаров пен грузия­лық балуан Тушиш­вили финалға шықса, Серік пен Ержан қола белбеу үшін күресетін болды. Қола үшін өткен белдесу қорытындысы бойынша Ержан Шынкеев «Әлем бары­сының» қола жүлдегері атанды.
Айбек финалда дзюдодан 2017 жылғы Еуропа чем­пионы Гурам Тушиш­вилимен белдесті. Бұл кездесуде айқын ба­сымды­лықпен жеңіске жеткен Айбек «Әлем барысы» атанды. Жарыс қоры­тындысы бойынша үздік он балуан қомақты ақшалай жүлде­лермен марапатталды. Қола белбеу мен 3 мил­лион теңгені Ержан Шынкеев иеленсе, күміс белбеу мен 5 миллион теңге гру­зия­лық балуанға табысталды. Биылғы «Әлем барысы» Айбек Нұғы­маров алтын белбеумен қоса 15 миллион теңгені иеленді.
Назерке АБИБУЛЛА

Фото: © Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*