Қару саудасын қарайды

1193
0
Бөлісу:

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілісте бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыста палатаның талқылауына шығарылатын мәселелер айқындалды.

Сонымен, Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі жобасына «Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкiне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепiлдiгiнiң көпжақты агенттiгiне, Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа, Еуропа қайта құру және даму банкiне, Азия даму банкiне, Ислам даму банкiне мүшелiгi туралы» қолданыстағы заңға түзетулер енгізетін жаңа заң жобасы енгізілді.
Сондай-ақ келесі аптадағы жиында қалаулылар қарауына ратификацияланатын заң жобасы – «Қару саудасы туралы шарты» шығарылатын болады.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата өзінің салалық комитеттерінің бірқатар заң жобалары бойынша қорытындылар дайындау мерзімдерін анықтайды.
Бұған қоса бюро отырысында елдімекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өткізу, сондай-ақ 2017 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысында палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысын өткізу туралы өзекті мәселелер қаралды.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*