Кездесулер өткізді

1237
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Kazenergy форумының қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Үкімет басшысы Исландияның экс-президенті Олафур Гримсонмен, Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичпен, «Роял Датч Шелл» компаниясының барлау және өндіру бойынша директоры Энди Браунмен жеке жүздесті.

Кездесулер барысында Қазақстанда «Солтүстік Каспий» (Қашаған), «Қарашығанақ» және «Каспий тұрба-құбыр консорциумы» бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «жасыл энергетика­ны» дамыту саласында өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге тауар айналымын ұлғайту, сауда ынтымақтастығын, Еуразиялық кеңістіктің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, өңіраралық және шекара бойындағы өзара іс-қимылды кеңейту, ғылым және мәдениет салаларындағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері қаралды.
Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында Астанада өтетін көрмеге қатысты мәселелер қозғалды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*