ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БАСТАЛДЫ

2793
1
Бөлісу:

Қазақстанда жастарды күзгі әскерге шақыру басталды. Биылғы күзде Қарулы Күштер және Қазақстанның басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарына 1990-1999 жылдары туған
16 мың жігіт әскери міндеттерін өтеуге шақырылады деп жоспарлануда.

Күзгі әскер қатарына шақыру «Әскери қыз­мет және әскери қызметшілердің мәр­те­­бесі туралы» заңға және Мемлекет бас­шы­сы, Жоғарғы Бас қолбасшының «Әс­кери қызметтің белгіленген мерзімін өт­керген мерзімді әскери қызметтегі әс­кери қызметшілерді запасқа шығару және Қа­зақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыр­күйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №449 Жарлығына сәйкес жүргізіледі. Қа­зақстан Қарулы күштерінің және басқа әс­кери құрылымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін жас сарбаздармен толық­тыру үшін 2 қыркүйектен бастап, шақыру және медициналық комиссиялар жұмысқа кірісті.
Шақыру комиссиясы іріктеу жұмысын аяқ­тағаннан кейін 18 жастан 27 жасқа дейін­гі ер азаматтар қыркүйек – желтоқсан ара­лығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Ішкі істер министрлігіне, Қа­зақ­стан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік ко­митетіне, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік күзет қызметіне мерзімді әс­кери қызметке шақырылатын болады. Қа­зақстан Қарулы Күштеріне әскери қыз­мет­ке шақырылуға жататын барлық аза­мат шақыру қағазында көрсетілген құ­жат­тармен жергілікті әскери басқару ор­­­­гандарына барады. 2017 жылдың көк­темгі мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан бо­са­тылуға құқығы жоқ азаматтар, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткер­ме­ген азаматтар жауынгер қатарына ша­қы­рылуға жатады.
Қарулы Күштер қатарына әскерге ша­қырылушылар заңға сәйкес, міндетті түр­де медициналық куәландырудан өтеді. Ме­дициналық куәландыру нәтижелері бойын­ша әскери-дәрігерлік комиссия әр­бір болашақ сарбаз жөнінде шешім шы­ға­рады. Жасы 18 бен 27 аралығындағы жігіт­терді мерзімдік әскери қызметке ша­қыру тек отбасы жағдайларына байла­ныс­ты, жоғары оқу орындарында білім алуды жал­ғастыру және денсаулық жағдайы бойын­ша кейінге қалдырылуы мүмкін.
Сонымен қатар басқа да себептер бойын­ша соның ішінде отбасы жағдай-лары бойынша – басқа адамның көмегiне мұқтаж немесе толық мемлекеттiк қам­сыз­дандыруға алынбаған отбасы мүше­лерiн күтумен айналысатын, сондай-ақ жақын туыстары немесе басқа да адамдар бол­маған кезде отбасы мүшелерін асырау­ға мiндетті азаматтарға жеңілдіктер бері­ле­ді. Ондай азаматтарға әскерге шақыруды уақытша кейінге қалдыру ұсынылады.
Екінші мәселе, білім беру орындарында оқып жатқан кезде әскерге шақыру мер­зі­мін кейінге қалдыру – білім беру орын­дарында жалпы орта білім алатын азамат­тар­ға; тиiстi білім беру орындарында күн­дiзгі оқу нысаны бойынша техникалық жә­не кәсіптік, орта білімнен кейінгі не­месе жоғары білім беру орындарында білім алып жүрген азаматтарға нақты қай жерде оқи­тынын растайтын құжаттарды ұсынған кез­де; жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби бі­лім алып жүрген азаматтарға; білімін жал­ғастыру себебі бойынша кейінге қалдырылған азаматтар, білім алу кезінде әскерге шақыру кейінге қалдырылады. Сон­дай-ақ әскери-дәрігерлік комис­сия­ның ұсынысымен кейбір азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша шақыру мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін, ондай жағ­дайда шақыру комиссиясының ше­шімімен 1 жылға дейінгі мерзімге әскер қа­тарына шақыру кейінге қалдырылады.
Әскери қызметке шақыруды кейінге қал­дырудың тағы да басқа бірқатар се­бептері бар. Мысалы, білiм беру орын­да­ры­ның орта білім алғаннан кейінгі немесе жо­ғары педагогтік білiмi бар және ауылдық жерлерде орналасқан білім ошақтарында мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларға, медициналық арнайы бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгер­лерге, Қазақстан Республикасы Парла­мен­тiнiң немесе жергiлiктi мәслихаттар­дың депутаттарына, алдын ала тергеу про­цестері немесе қылмыстық істер қоз­ғал­ған адамдарға, тиісті білімі бар кеме эки­­паждарының мүшелеріне әскерге ша­қыру мерзімі кейінге қалдырылуы мүм­кін. Бұл жағдайда әскерге шақыру мер­зімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағ­дайын­да – сот шешімі бойынша тергеу аяқ­талғанға дейін ұзартылады.
Әскер қатарына шақыруға қатысты осындай мәселелерді дер кезінде шешу үшін Қорғаныс министрлігінде шақыру нау­қаны аяқталғанша «жедел желі» жұмыс іс­тейтін болады. Жауапты лауазымды тұл­ғ­а­лар азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, түсіндіреді.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*