Тәуелсіз қорлар форумы өтті

1295
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астанада Халықаралық тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумының (IFSWF) IX отырысының ашылу салтанатына қатысты. Өз сөзінде Үкімет басшысы ортаазиялық аймақта алғаш рет өтіп отырған бұл форумның маңыздылығын атап өтті.

«Бұл – біз үшін үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік. Қа­зақстан Үкіметі біздің бұл отырысымыз тәуелсіз қорлар үшін ең өзекті күн тәртібін мұқият қарастырып, жаңа сын-тегеу­ріндер мен міндеттерге сай келетін іс-әрекеттер жоспарын әзірлейді деген сенімде» деді Премьер.
Оның айтуынша, соңғы бір­неше жылда қаржы нарық­тарында іргелі өзгерістер орын алды. «Біз цифрлық инновация­лардың жан-жақты енгізіліп жатқанын көріп отырмыз. Технологиялық прогресс ин­вестициялау үшін жаңа мүмкін­діктер ашады. Сонымен қатар жаңа әлемдік экономикалық шынайылық жаңа қатерлер төндіруде. Әлемдік өсімнің баяулауы мен қор нарықтарының құбылмалылығы бізді инвес­тициялық табыстылықты қамта­масыз етудің жаңа шешімдерін іздеуге, менеджмент стратегия­ларымызды қайта қарауға, тиімділіктің жаңа тетіктері мен критерийлерін енгізуімізге мәжбүрлейді» деді ол.
Бақытжан Сағынтаев үйле­сімді іс-қимылдар жасау үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды: «Біздің жаңа экономикалық шынайылыққа тек осылай ғана сайма-сай жауап қата алаты­нымызға сенімдімін».
Сонымен қатар ол Қазақстан­ның өз тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін айтты. «Қазақстан тәуелсіздік жылдары ауқымды ілгерілеуге бет алды. Бұл біздің шынайылықтарды ескере оты­рып, ең үздік әлемдік тәжірибені икемді әрі жүйелі енгізудің нәтижесінде мүмкін болды» деді.
Қазақстанның инвесторларға ұсынатын тартымды инвес­тициялық ынталандырулары туралы айта келіп, Б.Сағынтаев инвестициялау үшін маңызды секторларды атап өтті. Бұлар – машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика, мұнай химиясы, озық техноло­гиялар саласы, туризм және басқа да салалар.
Сонымен бірге, Премьер-министр ел Үкіметінің халық­аралық инвестициялық қауым­дастықпен ашық диалог орнатуға әрдайым дайын екенін білдірді.
– Біздің мұндай саясаты­мызды халықаралық қауымдас­тық жоғары бағалады. Мәселен, Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар рейтингінде Қазақстан аймақта 1-орын, ал әлемде 35-орын алды. Біз инвесторлар мен стратегиялық серіктестерімізге «Қош келдің­дер!» дейміз. Оларды ары қарай тәжірибе алмасуға және өзара тиімді ынтымақтастыққа шақы­рамыз. Біздің бәріміздің жаңа нарықтар мен бағыттарды ай­қындау жолындағы еңбегіміз же­місті болады деп үміттенемін, – деп түйді Бақытжан Сағынтаев.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*