Күрделі мәселелердің күрмеуі шешілмек

905
0
Бөлісу:

Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Депутат мұңын шағып келген азаматтарға мәселелері заң негізінде қаралып, тиісті шешімін табатынын жеткізді. 

Қабылдауға келген азаматтардың мәселелері әртүрлі. Барлығы да қол­дау­ға, көмекке мұқтаж. Мәселен, ас­та­налық Ерзахан Сембеков біршама уа­қыттан бері баспанадан тарығып жүр­генін, ең болмаса, мүгедектігіне бай­ланысты уақытша болса да тұра­тын орын болса деген өтінішін айтты. Депутат өтініш аймақ басшылығына жолданатынын жеткізді. Жасы 50-ден асқан тағы бір тұрғын денсаулығына байланысты мұңымен бөлісіп, бас­панадан таршылық көріп жүргенін күр­сіне айтып, көмек сұрады. Оның да мәселесі алдағы уақытта қаралатын болады.
Роза Мұқышева есімді тұрғын от­ба­сылық бизнесіне қатысты кикіл­жің­дер туындап отырғанын және мү­лік дауы бойынша шыққан сот ше­шімдерімен келіспейтінін жеткізді. Өз­деріне тиесілі ғимаратты банк ке­зінде алған несие қарызын төлемеді деген айыппен қожайынға хабар­ла­мас­тан, заңсыз сатылымға қойған. Қа­былдауда азаматшаға бұл мәселе бойынша арыз жазуға және оны пар­тия атынан Бас прокуратураның қа­рауына жіберуге кеңес берілді.
2011 жылғы Жаңаөзен оқиға­сын­да­ғы жәбірленушілер де жанайқайын айтып, жұмысқа орналастыру бойын­ша көмек сұрап келді. Жаңаөзен оқи­ғасы барысында жарақат алған 8 аза­мат қабылдауға келіп, 6 жыл көлемінде жұмысқа орналаса алмай жүргенін ай­тып қамықты. Соңғы сегіз айдан бері осы мәселенің қамымен аймақ бас­шыларына да, тиісті мекемелерге де барып жүргендеріне қарамастан, еш­қандай қарекет жасалмаған, мар­дымды шешім қабылданбаған. Одан бөлек, тиісті мекемелерге де барған, алайда олардың мәселесі әлі де назар­дан тыс қалып отыр. Тіпті, құқық қор­ғау органдары қызметкерлерінен қы­сым да көрген.
Аталған мәселені заң жүзінде ше­шу мақсатымен, депутат азаматтарға Бас прокуратураға, Маңғыстау облы­сы­ның әкіміне арыз жазып жіберуге кеңес берді әрі өзі де түйткілдің ше­шілуіне қолғабыс ететініне сендірді.

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 

Бөлісу:

Пікір жазу


*