ТЕҢДЕССІЗ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАЛДЫ

566
0
Бөлісу:

Халықаралық бақша өндірушілер қауымдастығы өкілдері «Астана EXPO – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. Кездесу барысында қауымдастықтың бас хатшысы Тимоти Брайклиффе Қазақстанда халықаралық бау-бақшамен айналысу көрмесін өткізу мүмкіндіктері туралы баяндады. EXPO – 2017 көрмесінің сәтті өтіп жатқанын айта келе, көрме өткізуге таңдау Шымкент қаласына түсіп тұрғанын атап өтті.

– EXPO – 2017 көрмесін ұйым­дастыру арқылы Қазақстан ха­лықаралық ұйымдардың жоба­ларын өткізуде теңдессіз тәжі­рибелер жинақтап жатыр. Мұның бәрі болашақта міндетті түрде кәдеге асады. Біз ұсынып отырған көрме әр елдің бау-бақшамен айналысу секторында алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу алаңына айналар еді. Мұндай көрмені өт­кізген қалалар «Жасыл қала» ста­ту­сына ие болып, бау-бақша өсі­руге басымдық бере бастаған, – деді Тимоти Брайклиффе.
Өз кезегінде Ахметжан Есімов ұйымның бас хатшысына көрме туралы оң пікіріне алғыс білдірді. Сонымен қатар ол Шымкент қаласы бау-бақша өсіру көрмесін өткізуге лайықты қала екенін айтты.
– Сіздің идеяңыз қолдауға тұ­рар­лық. Елбасымыз бау-бақша өсіруге аса мән береді. Егер атал­мыш көрмені өткізу Қазақстанға пайда әкелер болса, онда біздің халықаралық шараларды өткізуде өз тәжірибеміз бар. Оңтүстік Қазақстандағы бау-бақша өсіру көрмесі табысты өтетініне сенім­дімін, – деді Ахметжан Есімов.
Айта кетейік, Халықаралық бақша өндірушілер қауымдастығы 1948 жылы құрылған. Қазір қауым­дастыққа 20 мемлекеттің алдыңғы қатарлы бау-бақша өсіру ұйым­дары кіреді.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*