УРАН БАНКІ СЕНІМДІ ЕЛДЕ ҚҰРЫЛДЫ

1283
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесті.

Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің ашы­луына орай елімізге келгені үшін
Ю.Аманоға ризашылық білдірді.
– Бүгінгі шара – төмен байы­тылған уран банкін құру жөнінде көп жыл бойы бірлесе атқарған жұмы­сымыздың нәти­жесі. Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңы­зы зор, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы күрес қоз­ғалысының көшбасшысы саналаты­нын атап өтті.
– Біз құрамында ураны мол шикізатқа ие мемлекет ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайда­лануға ықпал ететін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елі­міздің Агенттікпен ынтымақ­тастығы жан-жақты және берік еке­нін айтты.
МАГАТЭ-нің бас директоры де­ле­га­цияға көрсетілген қонақжайлық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
– Бұл шара – ең алдымен, Сіздің жеке қолдауыңыз бен қатысуыңыз­дың, сон­дай-ақ біздің жемісті ынты­мақтастығы­мыздың арқасында іске асып отыр, – деді Ю.Амано.
Сонымен бірге, агенттіктің бас дирек­торы төмен байытылған уран­ды сақтай­тын ғимарат ашумен қатар, шикізатты сатып алу және оны тасымалдау мәселе­лері де маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*