ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ МЕКЕН

1155
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттары Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэттпен кездесті.

Мемлекет басшысы екіжақты кездесу барысында АҚШ Энергетика министрінің орынбасарына халықаралық EXPO – 2017 мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық байланыстарымыз орнаған 25 жыл ішінде екі ел арасында сенімді ынтымақтастық қа­лыптасқанын айтты.
– Біз биыл дипломатиялық қарым-қа­тынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Осынау жылдар ішінде Қазақстан АҚШ-пен сенімді серіктестік орнатты, бұл қа­рым-қатынасқа ешқандай көлеңке түскен емес. Осы уақытта энергетика және де­мок­­ратиялық әріптестік салаларындағы ке­лісімдерге қол қойылды. Біз ядролық қару­ға қарсы күрес жүргізу мәселесін бір­ле­се шешіп отырдық. Халықаралық күн тәр­тібіндегі барлық мәселе бойынша Қа­зақ­стан мен сіздің елдеріңіздің ұстанымы бірдей болды, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қарым-қа­тынастардың нәтижелеріне ерекше тоқ­талып, оны әрі қарай дамытуға ниетті еке­німізді атап өтті.
– Қазақстанда АҚШ капиталының қа­тысуымен 500-ден астам компания жұ­мыс істеп жатыр. Олардың қатарында елі­­­­міздің экономикасына 40 миллиард АҚШ долларын құйған ірі мұнай ком­па­ния­лары бар. Біз ынтымақтас­тығымызды одан әрі дамытуға әзірміз, – деді Қазақстан Президенті.
Д.Бруйллэтт АҚШ президенті Д.Трам­п­тың атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жә­не барша қазақстандықтарды EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің өтуімен құт­тықтады.
– Біз екіжақты қарым-қатына­сымыз­ды энер­гетика секторында ғана емес, сондай-ақ басқа салаларда да жал­ғас­тыруға дайын­быз. Мен бүгін Қазақ­стан­ның бір­қа­тар мемлекеттік органдарының же­тек­шілерімен, соның ішінде елде­ріңіз­дің Энер­гетика министрімен кез­дес­тім. Со­нымен қатар Вашингтон Қа­зақстанның Дү­ниежүзілік сауда ұйы­мы мен Эко­но­ми­калық ынтымақтастық жә­не даму ұйы­мы­на мүше болуына қол­дау көрсетуге ниетті еке­нін жеткіземін, – деді АҚШ Энергетика ми­нистрінің орын­басары.
Бұдан бөлек, Д.Бруйллэтт Қазақстанда ше­тел бизнесмендеріне қолайлы жағдай жасалғаны, соның ішінде инвесторларға ар­налған визалық режимге өзгеріс енгі-зіл­гені үшін Мемлекет басшысына алғыс айт­ты.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*