Жобаларға жол ашық

1233
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың Энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэн Бруйллэтпен (Dan Brouillette) энергетика саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда американдық ірі трансұлттық компа­ниялармен бірлескен индустриалды жобаларды іске асыру барысы талқы­ланды. 

Сондай-ақ тараптар Энерге­тикалық серіктестік бойынша қазақстандық-американдық бір­лескен комиссия жұмысын ны­ғайту арқылы жаңа техно­логиялар мен зерттеулер саласында ынты­мақтастықты кеңейту келешегін қарады.
2017 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Америка Құрама Штат­тары – Қазақстан­дағы екінші ірі ин­вестор (құйған ин­вестициясы 2,2 млрд $). Қа­зақстанда амери­ка­лық капи­талдың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді.

Айхан Шәріп

Бөлісу:

Пікір жазу


*