Еуропалық ұйым басшысымен кездесті

1143
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Парламенті Федералдық жиналысы Ұлттық кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Кристин Муттоненмен кездесті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы К.Муттоненді ЕҚЫҰ Пар­ламенттік ассамблеясының төрағасының жоғары лауазы­мына қайта сайлануымен құт­тықтап, оған табыстар тіледі. Спикер Қазақстан үшін Пагуош конференциясының қатысушыларын қабылдау үлкен мәртебе екенін атап өтті.
– Біздің еліміз жаһандық ядролық қарусыздану қозғалы­сының көшбасшысы ретінде әлем назарында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту жөніндегі ауқымды бастамалары әлемдік тұрақтылық, тәртіп пен қауіпсіздікке маңызды үлес қосады, – деді Қ.Тоқаев.
ЕҚЫҰ Парламенттік ассам­блея­сының төрағасы Астанада өткен кездесулері туралы Сенат басшысын хабардар етті. К.Муттонен Бас прокуратурада, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде болып, пікір алмасқан. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттің зайырлы принциптерін нығайтуда, кон­фес­сияаралық диалогты дамы­туда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда қомақты табыстарға қол жет­кізген.
Парламентшілер халықара­лық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Оның ішінде, жақында ЕҚЫҰ ПА құрған Терроризмге қарсы күрес жөніндегі комитет аясындағы ынтымақтастықтың келешегі де бар.

Бөлісу:

Пікір жазу


*