Жоспарлы консультация

707
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов пен Өзбекстан Республикасының президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың төрағалығымен Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы жоспарлы консультациялар өтті.

Іс-шараға екі елдің бірқатар мемлекеттік органдарының бас­шылары мен жауапты қызмет­керлері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық орнату, мемлекеттік шекараны күзету, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын пайдалану сала­ларындағы серіктестікті нығайту мәселелері қаралды.
Сонымен бірге, В.Жұмақанов дін саласын мемлекеттік реттеу аясында тәжірибе алмасудың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ құқық қорғау сала­сында тұрақты ақпарат алмасып, екі елдің мамандары арасында кездесулер өткізу ұсынылды.
Талқылаулар қорытындысы бойынша тараптар бірлесе қабыл­данған шешімдерді одан әрі іске асырудың нақты қадамдары жөнінде уағдаласты.
Өзбекстан Қауіпсіздік ке­ңе­­сінің делегациясы EXPO – 2017 көрмесін ара­лап көрді. Өзбек әріптестеріміз көрмені ұйым­дас­тыру және өткізу деңгейін жоғары бағалады.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*