«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ» ТӨРТ БАҒЫТЫ

1191
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасын әзірлеу барысы туралы баян­далды.
Қазақстан Президенті жаһандық бәсекелестіктің артуы жағдайында эконо­ми­каны ауқымды түрде цифрландырудың өзектілігін атап өтті.
– Бүгінде бұл мәселе алдыңғы орынға шықты. Бүкіл әлем осы бағытқа қарай жылжуда. Біз де қалмауға тиіспіз. Бұл – аса күрделі міндет. Барлық ведомстволар, министрліктер және өңірлер үйлесімді жұмыс жүргізуі керек, – деді Елбасы.
Ақпарат және коммуникациялар ми­нистрі Мемлекет басшысына жаңа бағ­дарламада көзделген төрт басым бағыт жөнінде айтты.
– Біз қазір бағдарлама жобасын барлық мүдделі тараппен бірге талқы­ладық. «Цифр­лық Қазақстан» бағдар­ламасы арқылы негізгі
4 жұмыс бағыты қарасты­рылады. Олар: инфрақұрылымды дамыту, адам капиталын жақсарту, экономика салаларын цифрландыру жә­не мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, – деді Д.Абаев.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бір­қатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*