ҚОРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛЫПТЫ

954
0
Бөлісу:

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Қазақстан Президенті еліміздің эко­но­микасында қордың маңызды рөл атқа­ратынын атап өтіп, оны әрі қарай дамы­тудың жекелеген бағыттарына тоқталды.
– «Самұрық-Қазына» қорының ел эко­номикасы үшін маңызы зор. Ол мем­ле­кеттің негізгі активтерін басқарып отыр. Қазіргі уақытта ахуалы жақсы. Металдар бағасының конъюнктурасы қолайлы болып қалуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына биыл­ғы 7 айда атқарылған жұмыстардың қоры­тындысы, сондай-ақ қорды және оның еншілес кәсіпорындарын транс­фор­мация­лау барысы туралы баяндады.
– Қордың өндірістік және баға көр­сеткіштері былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Жалпы, қордың жағ­дайы тұрақты. Қазір еншілес компа­нияларда трансформациялаудың 130-ға жуық жобасы енгізілуде. Жекешелендіруге қатысты айтсақ, жоспарланған 215 ны­санның 60%-ы жекешелендірілді. Бүгінде ірі компанияларды сатуға кірістік, – деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
Сондай-ақ Ө.Шөкеев халықаралық IFSWF – 2017 тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумын өткізуге дайындық барысы жө­нінде айтты. Онда әлемдік экономика жағ­дайындағы инвестициялық саясат мәсе­лелерін талқылау жоспарлануда.
Соңында Елбасы бірқатар нақты тап­сырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*