ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1590
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар құжаттарға қол қойды.
Мемлекет басшысының Өкі­мімен Владимир Иванович Але­син зейнеткерлік жасқа то­луына байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы­ның жанын­дағы Тұрақты кеңес­тегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі қызметінен бо­сатылды.
Мемлекет басшысының Жар­лығымен Жәнібек Абдуләкімұлы Иманәлиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанын­дағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жар­лығымен Орман Кәрімұлы Нұр­баев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Түркіменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қыз­метінен босатылды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*