Маманимен кездесті

1158
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Боливияның Сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті.

Кездесу барысында энерге­тика, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақ­тастық мәселелері талқыланды. Екі тарап, сондай-ақ мұнай хи­миясы, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында, таза техноло­гияларды дамыту мен жаңғырты­латын энергетика салаларында бірлескен инвести­циялық жоба­ларды құру мен іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.
Фернандо Уанакуни Мамани­дің айтуынша, Боливия тек қана газ секторында емес, сонымен қатар сирек кездесетін металдар мен атом өнеркәсібі салаларында да серіктестікті дамытуға әзір.
Бақытжан Сағынтаев екіжақ­ты ынтымақтастықтың нығая түсуіне қызығушылық білдіріп, Фернандо Уанакуни Маманиге Қазақстанның EXPO – 2017 халықаралық көрмесін өткізуіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*