ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛАДЫ

1352
0
Бөлісу:

Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақ ұлттық аг­рарлық университетінің ректоры жоғары оқу орнының қызметі мен даму перс­пек­тивасы жөнінде мәлімдеді.
– Біз бүгінде он бір халықаралық кон­сорциумға мүшеміз. 2015 жылдан бастап, QS ЕЕСА (Дамушы Еуропа және Ор­талық Азия) тұжырымы бойынша әлем­нің үздік университеттерінің рейтингіне қатысып, бұл бағалау аясында алғашқы жылы 150 жоғары оқу орнының ішінен 67-орынға ие болдық. Қазіргі уақытта уни­верситетте 50-ге жуық ғылыми жоба іске асырылуда, – деді Т.Есполов.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына отан­дық агроөнеркәсіптік кешенді инно­вациялық дамытуға мүмкіндік беретін университеттің агротехнологиялық ха­бының қызметі жөнінде айтылды.
– Бұл хаб – жаңа технологияларды, идея­лар мен стартап жобаларды іздестіру­ге, оларды тартуға және енгізуге, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік серіктестігінің те­тіктерін іске асырып, университеттің өзін-өзі қаржыландыруын және дербес­тігін қамтамасыз етуге арналған, – деді Қа­зақ ұлттық аграрлық университетінің рек­торы.
Қазақстан Президенті еліміздің ау­мағында ауыл шаруашылығы саласын­дағы ғылыми орталық құру қажет екенін атап өтті.
– Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ен­гізу мен мамандарды даярлаудың тиім­ділігін арттырған жөн. Сондай-ақ аг­ро­өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабі­лет­ті, экспортқа бағытталған өнімдерінің кө­лемін арттыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бөлісу:

Пікір жазу


*