Байнимарамен кездесті

1190
0
Бөлісу:

Қазақстан Үкіметінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті.

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім беру­дің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспек­ти­валары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық опе­рация­лардың мүмкін бағыттары қаралды.
16 тамызда EXPO – 2017 халықаралық көрмесінде Фиджи Пре­мьер-министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*