ОДАҚТЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 3 ЖЫЛ

1081
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелерімен кездесті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Б.Сағынтаев, Ар­ме­ния Республикасының Премьер-ми­нистрі К.Карапетян, Беларусь Респуб­ли­касының Премьер-министрі А.Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі С.Жээнбеков, Ресей Феде­рация­сы Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық үкі­метаралық кеңес мүшелерінің елордаға кел­гендеріне қуанышты екенін жеткізіп, кез­десудің Астана қаласындағы EXPO – 2017 халықаралық көрмесімен тұспа-тұс өтіп отырғанын айтты.
– Үкіметтер басшыларының өз мем­лекетінің ұлттық павильондарына баруға, сондай-ақ Қазақстан мен өзге елдердің экспозицияларын аралап көруге мүм­кін­діктері бар. Еуразиялық экономикалық одақ­тың үшінші жыл жұмыс істеп жат­қа­нын атап өткен жөн. Бұл кезең әлемдегі жә­не одаққа мүше елдердің ұлттық эко­номикасындағы күрделі ахуалдарға бай­ланысты болып отыр. Сонымен қатар ор­тақ нарық пен бірыңғай экономикалық құ­рылым құру басты фактор болып са­на­лады, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы экономиканың өсі­мі елдер арасындағы тауар айна­лы­мы­ның артып, өзара қарым-қатынастардың ны­ғаюына тікелей байланысты екенін айтты.
– Біз осы уақыт ішінде дұрыс бағытта іл­герілей алдық деп есептеймін. Қазір орын алып отырған бірқатар мәселеге қа­рамастан, Еуразиялық экономикалық одақ­ты нығайтуымыз қажет. Алдымызда ел ішіндегі мәселелерді шешіп, өзара қа­рым-қатынасымызды одан әрі дамыта түсу міндеті тұр. Бұл жұмыстағы негізгі рөл­ді үкіметтеріміз атқарады. Бұл дегеніміз – экономикалық міндеттерді шешу, мем­ле­кеттер арасындағы өзара іс-қимыл мә­се­лелерін реттеу, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті кеңес­тің бүгінгі отырысы арқылы ұйымды әрі қа­рай дамытуға маңызды үлес қосы­ла­ты­нын атап өтіп, қатысушылардың жұмы­сына жеміс тіледі.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*