Көршілермен кездесті

1161
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Мемлекет басшысы бұл кездесуде эко­но­ми­каның қазіргі жағдайында мұндай бас­қосудың маңызды екенін айтты.
Д.Медведев Қазақстан Президентіне Еу­разиялық экономикалық одақ аясында ын­тымақтасудың өзекті мәселелерін тал­қылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс ай­тып, Қазақстан мен Ресей арасындағы екі­жақты қарым-қатынастың одан әрі да­муына сенім білдірді.
– Біз достас Қазақстанның EXPO – 2017 көрмесін өткізу барысында жеткен же­тістіктеріне қуанамыз. Бұл – шын мә­нін­де, сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маңызы зор оқиға. Бүгін Еуразиялық үкі­метаралық кеңес аясында қазіргі эко­номикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұ­мысқа қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін сізге алғыс айтамын. Екіжақты қа­рым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай қарқынды түрде дами түседі деп сенемін, – деді Ресей Федерациясы Үкіметінің тө­ра­ға­сы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қыр­ғыз Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесті.
Қырғызстанның Премьер-министрі кез­десуге мүмкіндік тудырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің та­быс­ты өтіп жатуына орай құттықтады.
– Сізге Қырғыз Республикасына көр­сет­кен қолдауыңыз үшін алғыс айтамын. Біз сіздің және ел Үкіметі деңгейінде бауырлас Қазақстанның қолдауын әр­дайым сезініп келеміз, – деді С.Жээнбеков.
Қазақстан Президенті мемлекет бас­шыларының өзара қарым-қатынасы емес, халықтарымыздың тарихи жақындығы мен олардың бір-біріне деген сенімі екі ел ара­сындағы ынтымақтастық негізін құрай­тынын атап өтті.
– Біз – көршілес әрі бауырлас ха­лық­пыз. Әрдайым Қырғызстан болашағының жарқын болуы үшін мүмкіндігінше қажетті қолдау көрсететін боламын. Экономикалық тұрғыдан даму үшін саяси тұрақтылықтың болуы маңызды. Біз әрдайым қырғыз хал­қымен біргеміз. Қырғызстанда президент сайлауы болғалы жатыр. Қырғыз халқы сай­лаған президентпен бірге жұмыс істей­тін боламыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*