ҚАРЖЫ АХУАЛЫ ТҰРАҚТЫ

1272
0
Бөлісу:

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысына Ұлттық банктің еліміздің қаржы секторын ілгерілету жөніндегі жұмыстарының қорытындысы ту­ралы есеп берілді.
Қазақстан Президенті қазір ұлттық валю­таның еркін айырбас бағамы саяса­ты­ның жүргізіліп жатқанын айтып, Ұлттық банк­тің инфляция өсіміне жол бермеу жө­ніндегі міндетін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығын­дағы қазіргі ахуал туралы баяндады.
– Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айы­ның басында ішкі және сыртқы сипат­тағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауыт­қулардан кейін айырбас бағамы тұрақ­тан­ды. Алаңдауға еш негіз жоқ, – деді Ұлт­тық банк төрағасы.
Елбасы кездесу соңында бірқатар нақты тап­сырма берді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*