Этноауылды аралады

1276
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромына барды.

Мемлекет басшысы халықаралық EXPO – 2017 мамандандырылған көрмесінің мә­дени-думанды және спорттық іс-шара­ла­рының кешенді бағдарламасы аясында ат­шабарда өткен жамбы атудан «Алтын же­бе» халықаралық турнирін тамашалады.
Сонымен бірге, Елбасы ипподром аума­ғын­да орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мә­дени кешенін аралап көрді.
Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақ­тары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйым­дары, спорттық ойындар мен салт-дәс­түр үлгілері көрсетілді.
Елбасы осында тәуелсіздікпен бірге түле­ген салт-дәстүрімізді ұлықтап, өз қолымен тұсаукесер рәсімін өткізді.
Президент сондай-ақ «Этноауыл» ұлт­тық-мәдени кешенін аралау барысында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинмен әң­гімелесті.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*