Құрылыс – партия бақылауында

1067
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанындағы «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуы үшін қазына мен Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау комиссиясының мүшелері Көкшетау қаласында бой көтеріп келе жатқан «Сарыарқа» ықшамауданындағы 900 орындық қазақ орта мектебі мен №18 орта мектепке қосымша салынып жатқан 420 орындық ғимараттың құрылысымен танысты.
900 орындық қазақ орта мек­тебі құрылысының учаске бас­тығы Серік Өсербаевтың ай­туынша, бүгінгі таңда ғимаратқа инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, ғимараттың екі қабаты толық салынып біткен. Енді ішкі инженерлік желілер тартылуда. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс істеуде. Жалпы, ғимарат көлемінің 75 пайызы монолиттен құйылса, 65 пайызы кірпіш. Бұдан кейін ғимаратты электромонтаждау және қабыр­ғасын сылау жұмыстары жүргізіл­мекші. Мектеп құрылысы 2018 жыл­­дың ІІІ тоқсанында аяқталады.
Комиссия мүшелерінің келесі тексерген нысаны – №18 орта мектептің жанынан салынып жатқан қосымша 420 орындық мектеп ғимараты. Аудандағы №18 орта мектепте оқушы саны көп. «420 орындық қосымша ғимарат оқушылардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасай­ды», – дейді комиссия мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Рүстем Қалышев.
Жаңа ғимаратта спорт залы, медицина кабинеті мен оқу бөл­мелері орналаспақшы. Комиссия мүшелерінің айтуынша, құрылыс­ты жүргізіп жатқан мекеме – Көк­шетау қаласында бірнеше көпқа­батты үйлерді салған фирма болып са­налады. Құрылысшылар жыл соңына дейін ғимараттың шаты­рын, есік терезелерін орна­тып, сыртқы инженерлік желіле­рін тар­туды аяқтамақшы. Жаңа ғи­­маратты 2018 жыл­дың алғашқы тоқсанында тапсыру көзделіп отыр.
Жамбыл Қырғызбай

Бөлісу:

Пікір жазу


*