ХҚКО-да кезек неге көп?

1225
0
Бөлісу:

Бұл сұраққа бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстыруға арналған баспасөз конференциясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жауап берді.
– Халыққа қызмет көрсету ор­та­лық­тарында ылғи кезек көп болады. Оған мемле­кеттік кор­порациялар да, орта­лықтағы қызметкерлер де кінәлі емес. Бар ахуал ақпараттық жүйелерде. Әр ақпараттық жүйе мемлекеттік органдарға тиесілі. Әр жыл сайын әр орган өз жүйесін жүргізеді. Осы жыл ішінде жүйе, жалпы алғанда, 35 сағатқа тоқтап қалған. Егер ақпараттық жүйе 5 минутқа болсын тоқтап қалса кезек жиналған үстіне жинала береді. Осыдан келеді де мемлекеттік кор­порациялар жаманатты болады. Ақпараттық жүйелерді ылғи жаңартып отыру керек. Жылдың соңына қарай базалық ақпараттық жүйелерді жаңартуды жоспарлап отырмыз, – деді министр.
Сонымен қатар Дәурен Абаев келер жылы Қазақстанға бірыңғай анықтама жүйесі енгізілетінін де айтты.
– Азаматтар үшін телефонға шұқ­шиып әр мемлекеттік органның телефон нөмірін іздегенше, бір нөмірге ғана хабарласып, ары қарай қажет жеріне қосылған жеңілірек. Біз қазір 1414 нөміріне барлық сенім телефондарының нөмірін жинап жатырмыз. Осы нөмірге қоңырау шалсаңыз, оператор сіз­ге қажет органды білген соң сіз­дің қоңырауыңызды Білім жә­не ғылым министрлігімен, Іш­кі істер министрлігі, Бас проку­ра­ту­ра, Денсаулық сақтау министр­ліктерінің call-центрлеріне жібереді. Азаматтарға тек бір нөмірді ғана жаттап алған оңай, – деп ақпарат берді министр.
Баспасөз конференциясынан бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы журналистер мен қоғам өкілдері үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері бойынша баспа­сөз турын өткізді. Онда БАҚ өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыспен танысты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бас­қармасының төрағасы Абы­лайхан Оспанов 2016 жылдың қоры­тын­дысын баяндады. Ол аза­маттардың 2015 жылға қара­ған­да 2016 жылы мелекеттік қыз­мет көрсету сапасына көңілі толың­қырайтынын айтады.
Журналистер халықтың кей құ­жаттарға аса мұқтаж болып қалатынын, сол уа­қыт демалыс күніне түсіп қалса, тіпті қи­­на­ла­тынын алға тартып, жексенбі кү­нін­де де орталықтың жұмыс істеуіне ұсы­ныс
жаса­ды. Министр Дәурен Абаев бұл қыз­меткерлерге ауыр болып кететінін айтты.
– Орталық қызметкерлері таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін жұ­мыс істейді. Қазақстанда ешбір мекеме қызметкерлері сонша уақыт жұмыста отырмайды. Оның үстіне олардың жалақысы елдегі орташа жалақыдан да аз, – деп жауап берді министр.

Көркем ӨМІРӘЛІ

Бөлісу:

Пікір жазу


*