Азаматтарды қорғау деңгейі артады

1322
0
Бөлісу:

Ақордада Елбасының төрағалығымен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өтті.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің бас­шысы Ә.Жақсыбеков, Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Т.Донақов, Бас прокурор Ж.Асанов, Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Әділет министрі М.Бекетаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңыз­дылығына назар аударып, осы бағытта дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.
– Біз бүгін қылмыстық қудалау жүйе­сін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру жөніндегі мәселені қарастырып отырмыз. Солардың қатарында, қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деңгейін арт­тыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтай­лан­дыру, қылмыс процесіндегі жарыс­палылық, сотқа дейінгі сатыда сот бақы­лауын одан әрі күшейту, қылмыстық қу­далау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердің қайталануын болдырмау және оларды нақты бөлу, – деді Елбасы.
Кеңес соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Елдос Сенбай

Бөлісу:

Пікір жазу


*