Жаңа мамандыққа ие болды

828
0
Бөлісу:

Алматы облысында халықтың еңбекке қабілетті бөлігін жұмыспен қамту бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Биылғы сәуір айынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4275 жұмыссыз азамат дәл бүгінгі күні үлкен сұранысқа ие болып отырған мамандықтар бойынша қысқа мерзімдік оқытуға жіберіліпті. Содан бергі кезеңде олардың 1730-ы оқуларын аяқтап, жаңа мамандыққа ие болғандардың 741-і жұмысқа орналастырылған.
Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Кәсіпкерлер пала­тасымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарға жаңа мамандықтарға оқытатын қысқа мерзімді курстар­ды іргелі кәсіпорындар жанындағы оқу орталық­тары­ның базасында ұйымдастыру жүйесі енгізілуде. Өйткені осындай оқу орталықтарында оқитындар алған білімдерін бірден өндірістік тәжірибемен ұштастыра алады. Талдықорған қаласындағы «ТАТЭК» АҚ, «Қайнар» ЖШС, «Байтұрғанов» ЖК, Қапшағай қаласындағы «КНАУФГипсҚапшағай» ЖШС, Талғар ауданындағы «Байсерке Агро» ЖШС сынды аттары елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге де жақсы мәлім кәсіпорындардағы өндірістік базалардағы қысқа мерзімдік курстарды тыңдаушылар электромонтер, электрослесарь, ак­ку­муляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіп­тері бойынша білімдерін жетілдіріп, тәжірибелерін шыңдайды.
Биыл жоғарыда аталған кәсіпорындар жанын­дағы оқу орталықтарының базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылады. Қазіргі кезде жер­гілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің қандай мамандықтарға мұқ­таж екендігін анықтауда.
Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*