Бүгін – халықаралық альпинизм күні

1150
0
Бөлісу:

Швейцариялық дәрігер Мишель-Габриель Паккард пен тау жолбасшысы Жак Бальма 1786 жылы 8 тамызды альпинизм тарихында ең алғаш болып Альпі тауындағы биіктігі теңіз деңгейінен 4810 метр биіктіктегі Монблан шыңын шығады. Олардың ерліктеріне орай, дәл осы күн альпенизм күні болып белгіленеді.

Саяхатшылар арасында Монблан шыңына деген қызығушылық ХVІІІ ғасырдың ортасында пайда болды. Жыл сайын аталған шың орналасқан шамони алқабына жүздеген адам жиналып, шыңға шығып көруге талпыныс жасайтын еді. Бірақ, бәрі де сәтсіздікпен аяқталатын. 1760 жылғы геолог, ботаник әрі альпинист Гораций Бенедикттің сәтсіздігінен кейін Монблан басына шыққан адамға арнайы бәйге жарияланады. Бұдан кейінгі де жиырма жыл уақытта көптеген трагедиялық жағдайлар орын алды.

Тек 1786 жылы ғана әлем күткен жаңалық болды. Осы жылы өз бетінше саяхат құрып жүрген дәрігер Мишель-Габриэль Паккард жергілікті аңшы, тау жолбасшысы жак Бальмамен жолығып қалады да, шыңға бірге шығуға ұсыныс жасап, оңай жолын білетіндігін айтады. Аталмыш тарихи оқиға тамыз айының жетінші жұлдызымен сәйкес келеді.

Бүгінде елімізде де тау спортына деген ынта жоғары. Жекелей альпенистерді былай қойғанда, бұқаралық альпениадаға қатысушылардың саны да көбейіп келеді.

Суреттерді түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*