АРНАЙЫ КУРСТЫ ЛОНДОНДА ОҚИДЫ

983
0
Бөлісу:

«Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясы қазақстандық студенттер мен оқытушылардың Крэнфилд университетіндегі аэроғарыштық бағдарламасы бойынша арнайы курстарға баруын қамтамасыз етпек. Осылайша, 6-13 тамыз арасында 36 студент пен 6 оқытушыдан тұратын делегация Лондонға жеті күндік семинарға тегін ұшып барып келеді.

Ұлыбританияға ұшар алдында студенттер EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көр­­­месіндегі «Эйр Астана» стендін тама­ш­а­ла­ды. Онда әуежолында тиімділікті арттырып, жа­нар­май шығынын азайтатын технология түр­лері қойыл­ған. Көрме барысында сту­дент­тер ком­па­ния өкілдерімен кездесіп, Батыс Еуропадан Оң­түстік-Шығыс Азияға ұшу ке­зін­дегі ауаға бө­лінетін көміртек қалдықтарын азай­тудың жол­дарын іздестіруге топтық тап­сырма алды.
«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фос­тер әуе компаниясының өз қызметкерлерін оқы­ту­мен, іріктеумен үздіксіз айналысып ке­ле жатқа­нын, ал мектептегі, жоғары оқу ор­нындағы жас та­ланттарға ерте кезден көңіл аудару керек екенін айтты.
– Крэнфилд – аэроғарыштық техно­ло­гия­лар са­ла­сындағы әлемдегі алдыңғы қатардағы уни­верситет. Біз 36 студентіміздің онда уа­­қыт­та­рын тиімді өткізіп, Крэнфилд универ­си­тетіндегі оқу­дан пайдалы тәжірибе жинай­ды деп үміт­те­неміз, – деді ол.
Студенттер Қазақстанның 14 аймағынан жә­­не Астана, Алматы қалаларынан арнайы ірік­теу нәтижесінде таңдалған. Іріктеу елор­дада өтті. Олар Ұлыбританияда аэроғарыштық тех­но­ло­гияларды үйренуге байланысты бір топ ш­ара­ларға қатысады. Арнайы курстың бағдар­ла­масына авиация ғылымы мен тех­нологиялары бағдарламасының басшысы Гай Грэттонның, аэродинамика мен борттық өлшеу бағдарлама­сының профессоры Ник Лоу­сонның, сонымен қатар авиация индуст­рия­сындағы әлемге әйгілі лекторлар мен про­фессорлардың лекциялары кіреді. Сту­денттер бағдарламаның тәжірбиелік бөлімінде аэродинамикалық құбырға ұшып бара­ды, Boeing 737-400 әуе кемесін және де әлем­дегі ең үлкен Airlander 10 дирижаблін (ұша­тын Ұлттық лабороториялық орталық) тама­ша­лайды.
Аталмыш бағдарлама Әділет министр­лігі­нің, Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жоба­лар­ды да­мыту қорының, Назарбаев университеті мен «Эйр Астана» әуе компаниясының бас­тамасымен жүз­еге асып отыр. Студенттер мен оқы­тушыларға Лон­донға ұшар алдында Аста­надағы британ ел­шілігі қабылдауында құрмет көр­сетті. Сондай-ақ оларды Лондонда Қазақ­стан елшілігі қабыл­дай­ды.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*