Жетісуда 108 жоба жүзеге асырылады

1581
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының Жетісу жеріндегі жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Алматы облысы әкімінің орын­ба­сары Жақсылық Омардың айтуына қара­ғанда, «Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сын орындау үшін жобалық топ құрылып, 108 жоба жасалып, рет-ретімен орындау жоспарланыпты. Журналистер үйіне орналастырылып, қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтама­сыз етілген жобалық кеңседе бағдар­ла­маны орындау бағытында аса ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жасалған жобаларды орындауды үйлестіретін топтың құрамына облыстағы барлық басқарманың қызметкерлерімен қатар, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізіліпті. Іскер, бастамашыл жастардан жасақталған топ Жетісу өңі­рін рухани тұрғыда дамыту мақса­тын­дағы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасып, ақылдасады. Олар­дың міндеті – өңірлік жобаларды үйлестіру ғана емес, сонымен бірге, жобалардың идеялық мазмұнының бүгінгі талапқа сай болуын қамтамасыз ету. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей пікір алмасулар мен ұсыныс­тарды талқылау барысында көпшілік көңілінен шыққан бірқатар жобалар дүниеге келді.
– Әрбір жобаның көтерер жүгі, атқарар міндеті және өзіндік ерекшелігі болуы керек. «Рухани жаңғыру» – аса жоғары ұлттық рух пен өзіндік ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, тұрақты түрде өркендеу мен қайта жаңғыруға бағытталған аса маңызды әрі ұзақ мер­зім­ге арналған жоба. Осыған орай Елба­­сының тапсырмасын сапалы түр­де орындау – өңірлік жобалардың бастамашылары үшін мәртебелі міндет екенін айтқым келеді. Мемлекеттің болашағы – жастардың қолында, – деді Президент әкімшілігінің мем­ле­кеттік инспекторы Жайсаң Қуатұлы.
Жобалық кеңсе мүшелері негізгі жұмыс­тарынан босатылып, тек «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асы­­руға жұмылдырылды. Кеңсе облыс­тық басқармалармен және ғылым-білім мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізілуде.
Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*