ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ «АСТАНА EXPO – 2017»

3268
12
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев елімізді жаһан жұртшылығына әйгілеу бағытында ғаламат жұмыс жасап келеді. Соның бірі – «Астанада EXPO – 2017» көрмесін өткізу. Күнде миллиондаған адам EXPO павильондарын аралап, танысып жатыр. Көрме өтіп жатқан ғажайып ғимарат құрылысы қазақстандықтардың көз алдында қарыштады. Сырткөзге бәрі де оп-оңай жүзеге асырыла салғандай көрінеді. Елбасының күндіз-түні назарын тіктеп, қалтқысыз қадағалауында болған әйгілі нысан өз-өзінен тұрғызыла салған жоқ. Қаншама жоғары деңгейдегі келіссөздер, мәртебелі мәмілелер жасалды. Президенттің төл қолтаңбасы – EXPO – 2017 Қазақ елінің әлемдік қауымдастық алдындағы мәртебесін тағы да бір биіктетті. 2012 жылы 22 қарашада EXPO – 2017 көрмесін өткізу құқығына ие болған елдің құрметіне халықаралық көрмелер бюросында ұйымдастырылған қабылдауда Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп: «EXPO көрмесі кең-байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтпек. «Болашақтың энергиясы» атты дүниежүзілік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін жұмсайтын болады» деген болатын.

Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мырза EXPO – 2017 ха­лықаралық мамандандырылған көрмесі­не арнап, «Президент және «Астана EXPO – 2017» деген атпен керемет кітап шы­­ғарыпты. Кітапта көрмені ұйымдас­тыру және өткізу тарихын баяндайтын фото­материалдар жинақталған.
Кітаптың алғысөзін жазған Ха­лықара­лық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мырза Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламат еңбегін жоғары бағалапты. «Көрмені өткізуге Қазақстан 2005 жылдан бері қадам жасап, EXPO халықаралық көрмелеріне қатысып, жүйелі жолмен жетіп отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны Астанада өткізу туралы ойын алғаш рет 2008 жылы Сара­госадағы EXPO халықаралық көрмесінде айтқан еді. Жаңартылатын энергетиканың болашақта маңызды боларын болжай білген Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қоғамдастықтың назарын тағы да өзіне аудара алды» дейді ол.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген шетелдік және отандық ұйымдастырушылармен кез­десулері бейнеленген кітап өте тартымды. Фотоальбомда Қазақстан Республи­касының Жапонияда, Испанияда, Қы­тайда, Корея мен Италияда өткен EXPO көрмелеріне қатысу барысын бейнелейтін фотоматериалдар қоса беріліпті.
Фотоальбом «Астана EXPO – 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоға­мының қолдауымен жарыққа шықты. Көркем құрастырылған кітапта Қазақстан Республикасы Президентінің архивінен алынған құнды құжаттар, С.Бондаренко, Б.Отарбаев, А.Деңгелбаева, Ш.Шахай, Б.Жуасбаев, В.Федюнин, Т.Қазанғапов, М.Халдарбековтың фотосуреттері кеңі­нен пайдаланылған.

Нұртөре ЖҮСІП

Бөлісу:

12 пікір жазылған

  1. Тамара 4 Тамыз, 2017 at 16:23 Жауап

    Елбасының сындарлы саясатының арқасында елімізде ЭКСПО өтіп жатыр. Әлем бізді таныды.

  2. Сундет 4 Тамыз, 2017 at 16:25 Жауап

    Қазақстанды 115 жуық ел таныды. Екі миллионға жуық халық қонақ болып келді, көрді.

  3. Нурлан 4 Тамыз, 2017 at 16:27 Жауап

    Қазақстан туризімін біржолата өзгерткен халықаралық көрме Назарбаевтың арқасында өтіп жатыр. Алғысымыз шексіз.

  4. Төре 4 Тамыз, 2017 at 17:34 Жауап

    Бір фототілшінің аты жөнінде қате кетіпті мақалада, Мұхтар Холдорбеков. Түзетіп жіберсеңіздер.

  5. Зарина 4 Тамыз, 2017 at 17:36 Жауап

    Бұл кітап болмаса да Президентіміздің еңбегін барша адам түсініп жатқандай, негізі деймін де. Алайда артық болмас. Айдос Үкібай мырзаға рахмет.

  6. Елназ 4 Тамыз, 2017 at 17:38 Жауап

    Бәрі де президентіміздің арқасында ғой. Жақсы өмір, даму, ЭКСПО, Астана…дами берейік.

  7. Ұлпан 4 Тамыз, 2017 at 17:39 Жауап

    бұл көрме еліміздің абыройын қалай асқақтатып жатса, Елбасы да өткізу үшін қанша жанталасып, еңбек етті. Бәрін бағалаймыз!!

  8. Мақпал 4 Тамыз, 2017 at 17:39 Жауап

    Күллі Азияда алғаш рет өткізіліп отырған ЭКСПО көрмесі қазақ жерінде көрініс тапқалы танымалдылығымыз артып, қызығушылық еселенуде. Ол рас.

  9. сұлтан 4 Тамыз, 2017 at 17:39 Жауап

    осы көрмені ұйымдас­тыру және өткізу тарихын баяндайтын фото­материалдар мен басқа да қызықты мәліметтер топтастырылған «Президент және «Астана EXPO – 2017» деген атпен керемет кітап шыққанын енді оқып отырмын, қайдан алса болады ол кітапты?

  10. Болат 4 Тамыз, 2017 at 17:40 Жауап

    бұл жәй кітап емес, шежіре кітап, тарихи кітап болмақ. Ертеңгі ұрпаққа осыған көз жүгіртіп, әлемдік көрменің қазақ жерінде қалай өткеніне көз жүгірте алатын болады.

  11. Шыңғыс 4 Тамыз, 2017 at 17:40 Жауап

    Айдос Үкібай мырзаның авторлығымен шықса мазмұны керемет болуға тиісті, міндетті түрде оқып шығатын кітап екен. Бір бірден алып шаңырағымызға қойып қойсақ та артық емес.

  12. меирамгали 27 Тамыз, 2017 at 11:34 Жауап

    аллаға шүкір елімізде экспо 2017өтіп жатыр .елбасыға алғысымыз шексіз. Қазағым жасаи берсін. Экспо 67 монреаль қаласында бүкіл әлем көрмесінде қаз сср ұлттық аптасы өтіпті. жиналған жұртқа ағаларымыз апаларымыз қазақ елін паш еткен Бибүгіл Төленова Роза Ьағыланова Ермек Серкебаевтар т.б өнер көрсеткен..Бибүгіл апамыз халық әні ғаухар тас.Хамидидін Бұлбыл операдан Линда кавантинасын шырқағанда жұрт орындарынан тұрып қол соғыпты.міне қазағым осылаи болған сол кезде.атағын аспандаи бер қазақстан елбасымызға мыңда бір алғысымыз шексіз..рахмет.

Пікір жазу


*