Люмен кездесті

1091
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICАО) Бас хатшысы доктор Фан Люмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әуежай инфрақұрылымын дамыту және ұшу қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мәселелері талқыланды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген бастамаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.
ICАО – Біріккен Ұлттар Ұйымының маман­дандырылған мекемесі. Оның қызметінің басты мақсатына мемлекеттерге азаматтық авиация саласындағы ережелер, стандарттар, рәсімдердің біркелкілігіне қол жеткізу үшін көмек көрсету кіреді.
Ерік Ерденов

Бөлісу:

Пікір жазу


*