Сенатор – Солтүстік Қазақстанда

1361
0
Бөлісу:

Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина аймаққа жұмыс бабындағы сапары аясында облыс орталығындағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесіп, өнеркәсіпті дамыту мәселелерін талқылады. Сенатор облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен де кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін енгізудің құқықтық мәселелері туралы әңгімелесті.

Ольга Перепечина Тимирязев ауданына сапар барысында Тимирязев агротехникалық колледжі оқу мекемесінде болды. Ауыл шаруашылығына мамандар даярлау мәселелері колледж оқыту­шыларымен кездесудің басты тақырыбы болды. Сенатор Тимирязев қазақ мектеп-интернатына да барды.
Шал ақын ауданында О.Перепечина «Сергеевка сүт өнімдері» сүт өңдеу мекемесінің жұмысымен танысты. Онда саланы дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдау, инновациялар туралы әңгіме өрістеді. Ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері сенаторға субсидия бөлу, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері туралы сауалдар қойды.
Сондай-ақ сенатор Мамлют ауданындағы Ленин және Мыңкесер ауылдарының тұрғындарымен жүздесті. Ғ.Мүсірепов ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Раисовка ауылындағы сумен қамтамасыз ету нысандарының, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкер­лік» бағдарламасы бойынша Новоишимка ауы­лындағы 50 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыстарымен танысты, сонымен бірге, Андреев ауылдық округіндегі шаруашылықтардың басшыларымен және «Раисов» ЖШС ұжымымен жүздесті.
Мұнан кейін Ольга Перепечина Айыртау ауданының Кирилловка ауылындағы әлеуметтік нысандарда болды және «Бабықбөрлік» ЖШС жұмысымен танысты.
Жергілікті тұрғындармен және аудандар активтерімен кездесулерде сенатор «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы Парламенттің заң шығару қызметі туралы әңгімеледі.

Ершай ӘЗІРЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*