Алтай маңынан Алтын адам табылды

1917
0
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан облысының Берел жазығындағы №5 қорғаннан кезекті Алтын адам табылды. Күміспен күптеліп, алтынмен апталған әйел адамның мүсініне Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, қол жеткізіп отырмыз. Археологтың айтуынша, табылған жәдігерлер біздің заманымызға дейінгі III ғасырға жатады.

Мұндай қуанышты жаңалықпен ал­ғашқы болып «Сакралды Қазақстан» ғы­лыми-зерттеу орталығының басшысы Бе­рік Әбдіғали әлеуметтік желідегі парақ­шасында жария етті. «Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедиция­лық топтың қазба жұмыстары нәтиже­сін­де, тағы бір Алтын адам табылды. «Қа­сиет­ті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шы­ғыс Қазақстан облысына іссапарға ба­рып, осындай айтулы жаңалыққа куә бол­дым» деп жазды Берік Әбдіғали facebook парақшасында.
Экспедиция нәтижесінде, қорғаннан ал­тынмен оқаланған сәукеле мен бірнеше ыдыс-аяқ, ат әбзелдері табылған. Құнды жә­дігерлердің саны мұнан да әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Дегенмен бұл қор­ған бұрын-соңды бірнеше рет тоналған. Мұн­дай ақпаратты экспедиция басшысы Зей­нолла Самашев айтып отыр. Дегенмен қа­лай болған күннің өзінде қолға түскен жә­дігерлер әлемдік артефактта жоғары баға­ланары сөзсіз. Бүгінгі таңда қазба жұ­мыстары әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта жағымды жаңалықтарды естіп қалуымыз әбден мүмкін. Құнды жәдігерлердің
бірі – бағалы таспен көмкерілген сәукеле. Тағы бір айта кетерлігі, мәйітті қоршай жылқылар жерленген. Бұған ғалымдардың назары ерекше ауып отыр.


Зейнолла Самашев,
тарих ғылым­дарының докторы, профессор:
– Біздің заманымызға дейінгі III ға­сыр­да өмір сүрген әйел адам. Көш­пен­ділер аристократиясының өкілі. Бір әйел адам­ның баскиімі қима тағанның ішінде сар­ко­фагтың ішінде сақталып қалыпты. Тон­ның қалдықтары шықты. Белбеудің қал­дықтары шықты. Неше түрлі әшекей бұйым­дармен безен­діріл­ген. Оның жа­нына әбзелдерімен бірге екі атты қойған. Сон­дай аса құнды. Кө­ш­пенділер мәде­ние­тінің жоғары дең­гейін көрсететін құн­ды жәдігерлер шы­ғып жатыр деп айту ке­рек.

Бөлісу:

Пікір жазу


*