ЖАҢА ЗАҢ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Бүгінде жаhанда қалыптасқан экономикалық жағдай өте күрделі. 2008 жылдан басталған қаржылық қыспақ жаңа экономикалық, саяси үрдістерді қажет етіп отыр. Осы ретте Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы, индустрияландыру картасы және «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспары елімізді қаржылық, экономикалық дағдарыстан алып шығуға бағытталған. Соның ішінде Ұлт жоспарының 83-қадамы бойынша еңбек қатынастарын ырықтандырудың мақсаты – кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамыту және инвестициялардың келуіне қолайлы жағдай жасаумен байланыстырылып отыр.
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылып отыр. Елбасының 2017 жылы 31 қаңтардағы Жолдауында экономикамыздың дамуына көп көңіл бөлінген. Жолдаудағы 5 басымдықтың төртеуі тек экономиканың дамуына ғана бағытталған. Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық, төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Бұл біздің дұрыс жолмен келе жатқанымызды көрсетеді.
Егер де біз Елбасының Жолдауын оқып, онда қозғалып жатқан мәселелер мен келешекте орындалуы міндетті үкіметке тапсырылған тапсырмаларға қарасақ, бағытымызды анық көре аламыз. Еңбек қатынастары бүгінде көптеген сұрақтар тудырады. Еңбектің барлық саласында жүктеменің өсуін барлығымыз көріп отырмыз, дегенмен оның екінші жағы бар екенін ұмытпауымыз керек. Еңбек кодексінде жұмысшылардың құқықтары қалай қорғалып жатыр, жүктеменің өсуіне қарай жалақысын да өсіру қарастырыла ма деген сұрақтарға қатысты төмендегідей талдау жасап көрейік. Мысалы, 10 жылдан аса қызмет істеген жұмысшының тәжірибесі де мол, яғни өз қызметінің кәсіби маманы болып отыр, жұмысын сапалы да жедел атқара алады. Енді жаңадан қызметке кірген қызметкердің тәжірибесі жоқ, жұмысты жаңадан меңгеріп үйренуге әлде қайда көп уақыт керек, оны әлі үйрету керек, яғни жұмысын қарқынды атқаруға тәжірибесі аз. Сонда да тәжірибесі 10 жыл болған жұмысшы мен тәжірибесі аз жұмысшының алып отырған айлығының арасы қазіргі уақытта 6-8 мың теңгеден аспайды. Бұл еңбектің бағалануына жата ма әлде жатпай ма? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Барлығымыз білеміз, жеке компаниялар мен фирмаларда тәжірибесі 5 жылдан артық жұмыс атқарған азаматтарды қызметке алады, өйткені олардың кәсіби тәжірибесі мол екенін біледі.
Қазіргі таңда мемлекетімізде жаңа Еңбек кодексінде жұмысшы құқықтарын қорғау жағынан маңызды бірнеше қадам жасалды. Жұмысшылардың құқығы кеңейтілді.
Жаңа еңбек кодексінде жалақыны істеген жұмыс уақытына қарай төлену керектігі нақты айтылған. Егер де жұмыс уақытының жүктемесі (басқа жұмысшыны алмастыру, яғни екі адамның жұмысын істеуі) артқан кезде жұмыс уақыты ұзарады, бірақ жалақы сол қалпында төленеді (1 бірлік жалақысы), яғни үстеме жұмысқа ақы төленбейді, атап айтқанда осындай жағдайда Еңбек кодексінің 108-бабын қолдануға әбден болады. осыған кәсіподақ ұйымдары аса назар аударып, осы мәселені шешуді қарастыру керек. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу 110-бабында, «Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді» деп нақты айқындалған, – дейді Жамбыл облысы Жуалы аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы Б.Иманалиев.
Биылғы жылдың басынан бастап маусым айының аяғына дейін, мемлекеттік қызметкерлерді жаппай атестаттау іске асырылып, қызметкерлердің өз жұмысына қаншалықты лайық екендігі, өзінің қызметіне профессионалдық дейгейі жоғары және ынтасы мол, мінез құлқының лайықтылығы, істеген жұмысында едәуір қиын кезеңдерде ауыртпалықтардан шығу жолын табу мәселесін тез арада шешуді қолға ала алтын қызметкерлер анықталды. Енді, 2018 жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметте жалақының мөлшері істеген жұмысына қарай, яғни балдық мөлшерде берілетін болады. Атап айтқанда барлық жұмысын істеуге үлгерген, кемшіліктері жоқ мемлекеттік қызметкерлер жоғары балға ие болып жалақысы да жоғары болады. Төмен балға ие болған қызметкерлердің жалақысы да сәйкесінше болады. Бір сөзбен сөзбен айтқанда, жалақы жұмыстың нәтижесіне қарай төленеді.
– Бұл шешімге келу тез арада болған жоқ. Көп жыл бойы еңбек тұрғысындағы жасалынған жұмыстың нәтижесін тексеру қорытындылары, шетелдегі еңбектің төлену стандарттарының тәжірибесін зерделеу мәселесінде жүргізілген көптеген ақылдасулар арқасында болды. Бүгінде әлемде экономиканың дамуы үлкен қарқынмен алға басуда, содан біздің мемлекетіміз артта қалмау үшін жаңа Еңбек кодексінің қабылдануы дәлел болып отыр. Бүгінгі күнде еңбекақысы тек қана нәтижеге қарай төлену қажет деп санаймын. Нәтижесі жоғары бағаға лайықты болған қызметкердің жалақысын көтеру қажет. Мысалы, шетелде яғни европалық мемлекеттерде, жалақының нәтижеге қарай төленуі әлдеқайда бұрыннан қолға алынған нәрсе, сол себептен, олардың экономикасы бүгінгі кезде жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр. Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, еңбек қатынастарындағы соңғы жетістіктер қолға алынып келешекте Еуропа мемлекеттеріндегі еңбек қатынастарының деңгейіне жетеміз. яғни дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіреміз деген үміт бар, – дейді Б.Иманалиев.
Жаңа заң бойынша жұмысшылардың еңбек құқықтарының қорғалуы қазіргі кезде жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұрын жұмыс берушілер жұмысшылардың жалақысын бірнеше айға дейін бермей жүретін болса, енді ондай жағдайлар біршама сиреді.
Қайыржан ТӨРЕЖАН