Күн сайын қырық мың адам көреді

1073
0
Бөлісу:

Өткен апта қорытындысы бойынша EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін 309 мың 832 адам, орташа есеппен күніне 44 мың 261 адам тамашалаған. Бұл туралы «Астана EXPO – 2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме өз жұмысын бастаған ал­ғаш­қы аптада көрмеге күніне кіріп-шығу көрсеткіші орта есеппен 23 мың адамды құраған еді. 10 маусым мен 30 шіл­де аралығындағы келушілердің са­ны 1 млн 794 мың 132 адамға жетті. Ал көрме ашылғаннан 30 шілдеге дейінгі барлық павильондарға кіріп-шығу көрсеткіші – 13 млн 730 мың 503.
EXPO – 2017 көрмесінің адамдар ең көп баратын нысандарының үздік он­дығын «Нұр Әлем» павильоны бас­тап тұр. Сонан кейінгі орындарды коммерциялық павильондар, Шелл, Балалар саябағы мен Тақырыптық павильон С 3.5, Дю Солей циркі мен Ам­фитеатр алып отыр. Бұл тізімді Те­ма­тикалық павильон С 2.4, Шы­ғар­машылық энегрия аймағы мен Өнер орталығы жалғастырады. Аптаның үздік павильондарына Африка пла­засы, Үндістан, Египет, Түркия мен Ресей павильондары кірді. Таиланд, Жапония, Өзбекстан, Әзірбайжан, Сауд Арабиясы павильондары да қо­нақтарды ең көп қабылдаған он па­вильонның қатарында.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*