Тауда теңселген байлық немесе Жетісу Алатауындағы көлдер патшалығы

2705
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс», – деп атап айтқан болатын.

Жыландының жоғары жағындағы №4,5,6,7,8 мореналық көлдер


Алматы облысының көз жа­уын алатын ғажап табиғаты жұрт­ты да, туристерді де ежелден елік­тіріп келеді. Соның бірі – Жетісу (Жоңғар) Алатауының қайта­ланбас таби­ғаты. Жасыл жай­лау­ларымен, өзен-көлдері ертеден-ақ елді елік­тіріп, құтты қазына­мызға ай­налған. Тек ішкі таулар­дың ғана жұмбағы мол.

Қазанкөл және Кіші Қазанкөл көлдері


Ең ғажабы, Жетісу Алатауы­ның пайда болуы қызықты тақы­рып. Ертеректе терең теңіз суы­ның шаюынан қиқы-қилы қы­­рат­­­­тар пайда болып, су төменде­ген сайын Алатаудың аппақ қар жа­мылған шыңдары биіктей бер­гені анық. Жетісу Алатауының ал­дың­ғы бөлігін тікұшақпен қа­рағанда, бұл жерлерде расымен де телегей теңіз болғанына куә бо­ласыз.
Жетісу Алатауы тау­ла­рын көптеген ғалымдар Тянь-Шань жүйесіне жатқызады, кей­бі­реулері оны дербес түзілім деп санайды.
Жетісу Алатауының мұз басу деңгейі жоғары: мұндағы мұздық­тар­дың жалпы ауданы 500 шаршы шақырымды құрайды. Бұл деге­ніңіз – Қазақстандағы мұз басқан аумақтардың жартысы. Мұнда мұздықтар Солтүстік Тянь-Шаньға қарағанда әлдеқайда төмен, теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте орналасқан.
Жетісу Алатауы – Қазақ­стан­дағы тау көлдерінің көптігі және көркемдігімен ерекшеленеді. Таудың сел қаупін төндіретін өзен алаптарында 223 мореналық және мұздық көлдер бар.
Біз «Қазселденқорғау» ММ-нің ұйымдастыруымен «Ми – 171» тікұшағы арқылы тау көлде­рінің ғажайып көріністеріне қа­ныққанда табиғаттың таңғалатын тұстары көптігін байқадық. Көлдердің көлемі де, орналасуы да әрқилы. Көлдер бейнебір, тор ішіндегі – вакуоль, цитоплазма, ядро, митохондрия, гольджи аппараты, лизосома секілді. Тіпті түстерінің де ерекшеліктері осы биологиялық теңеумізге сай ке­леді. Ендігі мәселе – осы көл­дерге қазақша атау беру. Көлдің бір­нешеуіне ғана ат қойылған, қал­ғаны жай нөмірленген. Тау­дағы көлдер де – Отанымыздың бай­лығы. Сондықтан оған жауап­кер­шілікпен қарап, керемет атау­лар ұсынсақ жақсы болар ма еді?!

Көксу өзені алабындағы таға пішінді №4 мореналық көл


Қорғас өзені алабындағы №2 Қапқан көлі


Өсек өзені алабындағы Таскөл мореналық көлі


Көксу өзені алабындағы №11 мореналық көл

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Cуреттерді түсірген автор

Бөлісу:

Пікір жазу


*